Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

29.11.2017
5318

Шумақтар

Жапырақтар!

Тулайсыңдар,

шулайсыңдар,

Бір біріңді,

қимайсыңдар!

Жел соқсада,

дауыл басып,

үзіле қалмайсыңдар!

сүзіле қарайсыңдар.

Улап-шулап,

талмайсыңдар

Жел ессе, ессін

Самғайсыңдар,

Ғасырлар үнін салғайсыңдар!

Кей батыры елімнің секілденіп,

Бір орныңнан талмайсыңдар!

Жат тарапқа бармайсыңдар!

Бір-біріңді қорғайсыңдар,

Шахид боп кеткен

Бабалар үнін,

Жерге сіңген,

Аналар үнін,

Құлағыма акеп,

Жырлайсыңдар!

Талмайсыңдар,

Самғайсыңдар!

Топырақтан,

қасиет алғайсыңдар.

Бабалар үнін

жалғайсыңдар,

Нәп-нәзік болған

жапырақтар!

Нәр алып қара

Топырақтан!

Кунде де тұрып,

Желге де көніп,

Шөлге де көніп,

Жаурамай, солмай

Үзіліп қалмайсыңдар!

Сүзіліп маған қарайсыңдар!

Бозарып атқан,

алаулы таңда,

Сыңғырлап жатқан,

жапырақ жанды!

Бірлігі мықты, жапырақ жанды!

Ірілікке ығып, жапырақ жанды!

Бұлқына соққан жүрегімді,

Құлқыма

салып,

Құлшына

алып!

қалғайсыңдар!!

Жапырақтар....

Мырзаш Лязат


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: