Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Сұрықсыз сурет сәніңіз бе еді?

Блогтар

03.11.2017
5023

Сұрықсыз сурет сәніңіз бе еді?

Сұрықсыз сурет сәніңіз бе еді?

    Қай ел болмасын қазақ қыздарының ішкі жан сұлулығымен қоса сыртқы тән сұлулығына тамсанып таңырқай қарайды. Мақтануымыз қажет. Иә, сәбилерін дәретсіз емізбеген аяулы да ақылды анадан туған сіз бен біздің сыртқы және ішкі жан сұлулығымыздың ғажап болуы ҚАЗАҚ деген халықтың тектілігінде жатыр емес пе? !
Ал, осы тектілігімізді қаншалықты абыроймен арқалап жүрміз? Бізге тамсанған «үй артындағы » жандарға басымызды көтеріп «арымыз таза, жанымыз таза» деп мақтанышпен айта аламыз ба, бүгінгі таңда? Әй, қайдам....... Тектілік қайда? Ар - намыс қайда? Ибалықты ту еткен қазақтың қыздарын көрдім, үсті - басы алба - жұлба. Жан дүниелері адалдықтан ада. Сыртқы сұлулықты сұрықсыз суреттер қаптаған. Яғни, қазақ қыздары терілеріне өздері ине арқылы сурет салып әлек. Сіңлілерім сонысымен мақтануда. Денсаулығына зиян екенін біле тұра, сол қажетсіз суреттер денесінде тұрғанды қалайды екен. 
Сәннің де сәні болады емес пе? Ал, денеге сурет салып сәндену, біз көріп жүрген сәннен өзгерек. 
Қане, ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ сәннің де мәні бар екендігін, ойлан!

Самал ЖАМЕТ


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: