Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

29.11.2017
5151

Табиғатқа

Кешкі аяз шымшылайды бетімді,
Қызартам деп үсік желі етімді.
Мен ақ тоңайын тоңдырмашы табиғат,
Анасынан айрылған ау жетімді.

Ақпандағы аязың-ау тым суық,
Ық бола алмай көшелер тұр қымсынып.
Тоңдыр мені! Суығыңнан жырақ қыл,
Жетімдерді пана іздеген күрсініп.

Қоғам суық дала суық жылу жоқ,
Пенделердің бірі сараң бірі тоқ.
Мына дүние сенен гөрі мейірімсіз,
Мейірімізде Жаратқанның нұры жоқ.

Ой санамды суық ойлар қариды-ақ,
Қаталдықтан көңіл қайран налиды-ақ.
Тым болмаса сен пана бол жетімге,
Надандықтан аулақ тұрған ТАБИҒАТ.

                        Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 
                         
                 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: