Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Тар жерде таған болғым келмейді

Блогтар

26.01.2019
5335

Тар жерде таған болғым келмейді

Тар жерде таған болғым келмейді

 

     

Германияда жүргенімде елде қалған тамыр-таныстың бәрі «неге сол жақта қалмайсың» дегені мені таң қалдырды. Неге мен жат елде қалуым керек? Мен ондай сұрақ қойғандарға:

      

Біріншіден, қазақ қыздар болмаса, яғни мен болмасам, ана тілін кім дамытады, олай болса қыздар ғана қазақты ұлт ретінде сақтап қала алады. Тіл болмаса, ел болмайды. Өз тілім, өз ұлтым, өз жерім – менің байлығым. Ақыл, білім–ең қымбат байлық. Ақыл болса, білімің толса, қай жерді де жер бетінің жұмағына айналдыруға болады.

     

Екіншіден, дүниеге қазақ болып келген соң, қазақ болып өлу керек, о дүниеге аттанғанда, үш күн бойы орнымнан қозғамай бір жерден шығарғанын, жерге арулап көмгендерін қалар едім. Ал, шетелде  ондай мүмкіндік жоқ, жер тар болған соң күліңді көкке ұшырады - дейтінмін.

   

Сөйтіп жүргенде Германияға көшіп кеткен бір қазақстандық неміс әйелмен таныстым. Ол кісі алғаш көшіп келген 90-жылдардың ортасында неміс тілінің курсына қатысыпты. Ол кезде Қазақстан туралы көп адам біле бермейтін кез. Неміс тілінің мұғалімі туған жерлерің туралы шығарма жазып келіп, таныстырыңдар деп тапсырма беріпті. Содан жерлесіміз Қазақстан туралы айта бастаса, ұстазы: Қазақстан туралы осы уақытқа дейін естімеппін, мүмкін ол бір өте кішкентай ел шығар, картада территориясы өте кішкентай болған соң, біз білмейтін шығармыз- деп соғыпты. Содан жерлесіміз ашуланып, картаны әкеліп: міне, қараңыз, Қазақстанның территориясына  бес Германия сиып кетеді. Әрі халқы Германиядан  бес есе аз болса да, сондай өте үлкен территорияда шалқып тұрады - депті. Ұстазының аузы ашылып қалыпты. Содан ол:  ондай кең жерден тар жерге неге келдіңдер, сол жақта тұрып, тамырларыңды жая бермедіңдер ме- депті. Сол кезде жерлесім жеңіліп қалыпты. Көшіп келгеніне іштей қатты өкініпті. Неміс болып туғанына өкініп, Қазақ болып туғанымда ғой - депті.

   

Осы әңгімеден кейін мен де қазақ болып туғаныма қуанып жүретін болдым. Өйткені, бүкіл Германияның жері туған жерім Ақтөбе облысының территориясына сиып кететіндей кішкентай. Ал халқы 83 млн-нан асады.  Ал Ақтөбе облысының халқы 800 мыңға жетпейді. Яғни, шет елде жүз адам тұратын жерде Ақтөбе облысында бір ғана адам тұрып жатыр деген сөз. Шет елде адамға кеңістік пен еркіндік жетіспейді. Кең далаға көз жүгіртіп қарай алмайсың, көзің үйлерге тұнады. Тар жерде таған болғым келмейді, шет елде қалғым келмейді.                                                                                                                                  


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: