Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Тәуелсіз ел- ол Алаштың арманы

Блогтар

31.05.2017
6283

Тәуелсіз ел- ол Алаштың арманы

Тәуелсіз ел- ол Алаштың арманы

Тәуелсізбін, еркін елмін бүгін мен,

Өткен-тарих, сол тарихқа үңілгем.

Арыстарым жасап кеткен жол мынау,

Еркіндікті естимісің үнімнен.

 

Азатпын мен, ұлан-қиыр далам бар,

Өсер ұрпақ, ертеңіне алаңдар.

Тәуелсіз ел болған Алаш арманы,

Орындалған сол арманға қараңдар.

 

*  *  *   *   *   *  *  *  *  *  *  *  *  *  *  *  * *

 

Қазақ елі болған Ресей отары,

Көбейеді қонысшылар қатары.

Салт-дәстүрге көрсетілген қысымнан,

Белгісіздеу қандай таңның атары.

 

Кезең емес, бос қоятын қолыңды,

Табу керек тығырықтан жолыңды.

Елдің қамы, жердің қамы, тіл үшін,

Арыстардың бұл жауабы қонымды.

 

Алаш деген атқа қонды зиялы.

Үндеу жазып, қолына алып сияны.

Айқап-пенен бастау алған үгіттер,

Ақжол болып аралады қияны.

 

Әлихандай, Ахмет, Міржақып арыстар,

Қозғалысқа қозғау салған данышпан.

Құрсауынан Ресей салған құтқарып,

Азаттыққа бастау үшін алысқан.

 

Мақсат айқын- қазақ өзін басқарсын,

Тек өзіне тиесілі ас қалсын.

Даму керек мәдениеті жоғары,

Білімменен, тілден бәрі басталсын.

 

Тиіспеңдер: Жер-қазақтың даласы,

Асыр салсын, ойнақтасын баласы.

Алға- деді, бірігеміз күш болып,

Оянады көпшіліктің санасы.

 

Жерді сату-сатқанмен тең Отанды,

Қойған талап, нық, сенімді, қатаң-ды.

Өз бетінше берілмейді ешкімге,

Осы үшін тер төгіліп, қан тамды.

 

Болсын түйме, түйір тасы даланың,

Елім үшін қазба-байлық алатын.

Жердің асты, үстіндегі игілік,

Қызметіне тек халықтың жарасын.

 

Бір уыс жүн тоқыма боп киілсін,

Бірлік болсын, тірлік қылсын, жиылсын.

Құл болмасын, малың беріп басқаға,

Құлдық сана мәңгілікке жойылсын.

 

Етсін тілі, діні, ділі үстемдік,

Салты мықты, көрсетеді күшті ел ғып.

Рухы өлмесе, мемлекеті қуатты,

Ала алмайды, келсін тіпті сұспен кеп.

 

Заңы болсын салт- санаға сүйенген,

Туыстықты қамтамасыз ететін.

Қағидаты тек теңдікті қалайтын,

Әділдікпен билік елге ететін.

 

Мектеп ашып, білім беру бәріне,

Жазу керек,  үлкен-кіші, бәрі де.

Сол кезеңнен бастау алған оқулық,

Әліппенің орны бөлек әлі де.

 

Таратқанмен большевиктер күшпенен,

Дәлелдеген арыстарым іспенен.

Қазақ деген қалыптасты мемлекет,

Біз келеміз солар салған ізбенен.

 

Арыстарым- рухың биік, өшпейді,

Оянармыз бір күн ерте, кеш мейлі.

Тәуелсіз ел арман еткен нығайтады,

Сол бағытта, бағытынан көшпейді.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: