Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ТАРИХ
«Тәуелсіздік рәміздері»

Блогтар

02.06.2017
10745

«Тәуелсіздік рәміздері»

       Мемлекет рәміздеріне ширек ғасыр толуына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тәуелсіздік рәміздері» атты кітап көрмесі болып өтті. Ұйымдастырылған шараға зиялы қауым өкілдері, тұрақты оқырмандар және елорда қонақтары қатысты. Кезінде ақын Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасында «Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып, Қазақстан гербі де, жалауы да» деп, жырлаған еді. Ақын армандаған кез қазір шын мәнінде көрініс берді. Қазақстанның жалауы әлемнің түпкір-түкпірінде желбіреп, ел таңбасы да талайға танылып үлгерді. Әнұранның да сан мәрте шырқалғанына жұрт куә. Тәуелсіз елдің бейнесі секілденген рәміздерге құрмет те ерекше. Көрменің ұстанған мақсаты да әлгі құрметті саналарда бекіту секілді. «Қасиетті көк байрағы елімнің», «Елтаңба - елдігімнің айшығы», «Әнұран» аталған үш бөлімдегі кітаптар мен құжаттар 25 жыл бұрынғы тарихи шешімдерді жадында тағы бір жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Жандарбек Мәлібеков, сәулетші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы: - Қазақ елін, қазақ халқын, қазақстандықтардың барлығын біздің мемлекеттік рәміздердің жиырма бес жылдығымен құттықтағым келіп отыр. Өйткені жиырма бес жылдың ішінде біздің шын мәнінде біздің туымыз биікте шарықтап, желбірей бастады. Біздің рәміздеріміз жарқырап көріне бастады. Біздің әнұранымыз бұдан да шарықтап шырқала бастады.
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – біздің мемлекетіміздің егемендігінің және берік негіздерінің бірі. Олар ұлтымыздың  мақтанышы және еліміздің тәуелсіздігін біріктіретін қасиетті имиджі болып табылады.

      Көрменің басты мақсаты – жастарды мемлекеттік рәміздер саласында қызығушылықтары мен танымдарын арттыру. Отанына деген патриоттық сезімдерін және мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, қадірлеуге шақыру.
Көрме бірнеше бөлімдерді құрады:

Қазақстан тәуелсіздігіндегі мемлекеттік нышандардың жалпы тарихы мен авторлардың өмірбаяндары, мемлекеттік рәміздердің дамуы тарихы туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді. «Қасиетті көк байрағы елімнің», «Елтаңба – елдігімнің айшығы» және «Әнұран».Сондай-ақ көрмеге 40 кітап қойылды. Олардың арасында «Государственные символы Республики Казахстан. Символы Независимости», А. Қайдардың «Қазақ қандай халық», Б. Аяғанның «Тәуелсіздік нышандары», сонымен қатар тәуелсіз мемлекет, оның тарихи даму идеологиясының негізгі бағыттарын көрсететін басқа да кітаптарды құрады. Көрме Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады және Мемлекеттік рәміздері күнінің негізгі идеясын ашу.

       Көрме жаңа материалдармен толықтырылып отырады және 10 тамызға дейін жалғасады.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: