Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Теңіз жағасында

Блогтар

12.12.2017
9956

Теңіз жағасында

Шұғыламен шағылысып, жалтырап,

Теңіз жатыр ақ айдындай жарқырап.

Көбік шашып, толқыған жағаға

Теңіз шуы көкіректі шарқ ұрад.

Көз тартады мөлдір суы толқыған,

Аңызақ жел жас жанымды жұлқыған.

Теңіз шуы... қаңқылы шағаланың

Жүрегімді жарып барад толқын ән.

Жағадамын, алтындай топырақты,

Бұл көрініс ойымды қопыратты.

О, Теңіз! Жаным менің шыңға шырқап.

Шабытым кеп, жүректі жұлқып жатты.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: