Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
29.11.2017
5729
Түбім түрік болғанымен Қазақпын мен!
Қазақпын мен
Түрік те емес,
Арап та емес,
Шошқасын баққан
орыс та емес,
Шығыс та емес,
батыс та емес,
Келмеске кеткен
кеңес те емес.
Бабадан қалған
оралмас елес..
Данадан қалған
келелі кеңес!
Қазақпын мен
жаулық таққан анасы!
Дәстүрін құрмет тұтқан баласы!!
Үкілі бөрік,
Қосетек көйлек киген,
Кең етегі жерге тиген,
Қария көрсе басын
иген,
Дария көрсе тасын сүйген
Қазақпын мен
әуретін жапқан анасы!
әулетінің
арын баққан анасы,
Анасының қызына жұққан санасы,
Дана биді, бала биді туғызған!
Қазақпын мен жүректей кең даласы!
Бөлісу:
Пікір қалдыру: