Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

06.07.2021
3630

Туған жерім

Қазақ елім қалықтансын,гүлденсін,

Жастарымыз естімесін мүлдем сын.
Татулықпен егемен ел жасасын,
Міне осыдан болашағым байқалсын.

 

Туған жерім кең байтақ асыл қазынам,
Қараймын да тамсанып,мың қуанам.
Жер астының қазынасы байлығы,
”Мұнайлы өлке”мен туған жері атанған.
 

 

Дара туған даналарым ардақты,
Туған жерге ескерткіш қып орнатты.
Исатай мен Махамбеттің бейнесі,
Тамсандырды тарихымен қазақты. 

 

Күйші Дина,Құрманғазы,Қаршыға,
Күйін тыңдап жүрміз әркез тамсана.
Жұмекендей Фаризадай өр ақын,
Атыраудың мақтанышы аңсаған.

 

Орман-тауы болмағанмен жайқалған,
Өнерімен,тарихымен шырқалған.
Толқын соққан Каспиімнің балығы,
Тайдай тулап Жайығымда ойнаған.

 

Тарихы терең,қонақжай пейіл халығы,
Болаттай берік,қорғасын сынды қалыбы.
Намысын жаннан қойған да биік әрқашан,
Қазағым елім,бірлігі болған қаруы.

 

Шыңға шығып өзіңмен туған жерім,
Асыр салып ойнаған сағымды елім.
Шетке кетсем асығып аңсап жетем,
Мен солайша өзіңмен мақтан етем.

 

Ел түзелсе түзелер бесігіміз,
Осыменен жайқалсын бұл күніміз.
Қазақ болып келдік пе босағаға,
Қазақ болып жабылсын есігіміз!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: