Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

20.10.2017
4626

Түн

Түн

Шатқалға түнеген тұманды,
Түн ана әлдилеп тұр әлі.
Домалақ дүние айналып 
Барады басып ап құлағын.

 

Арқасын күн қажап,түн қажап,
Доңгелеп барады бір ғажап.
Біздерге беймәлім бақыидан,
Бабалар аруағы тұр қарап.

 

Бәрінде түсініп үлгерген,
Ымдасып отырмын сұр желмен.
Әлде бір жарымжан Жарғанат,
Тынбайды азығын іздеуден.

 

Кішкентай.пейліндей пенденің,
Жарғанат тартты өмір кермегін.
Бейіштен ізгілік тасыған,
Періште ескерер еңбегін.

 

Түн мені әлдилеп анамдай,
Әлі отыр,ұйқымды таба алмай.
Мен көзді жұмудан қорқамын,
Пәнійден адасып қалардай..

Еркін Нұртай


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: