Үлкейгендей көрінемін сырт көзге

26.09.2026 47

Үлкейгендей көрінемін сырт көзге

 

Үлкейгендей көрінемін сырт көзге,

Ал ішімде ,  сол баяғы сүт кездер

Кейде жылап,кейде күліп аламын,

Менде сірә сәбидеймін ,бұл кезге

 

Көз алдымда көп жүреді балалар,

Сірә бәлкім,бұл бала шақ саналар,

Қызығамын менде бала болғым кеп,

Қиын сәтте ,жүрек тағы жаралар

 

Шіркін неткен жақсы еді бала шақ,

бала деген- өмір мәні ,жаны ашық,

сағынасың,қарайсың өз сәтіңе,

Келмес енді,бұл балалық жаңа шақ

 

Күміс күлкі көмкерген кең даланы,

Бал дәуренді көңілім бір қалады.

Асыр салып көбелекті қуалап ,

Қыр басында бір арман бүр жарады

Пікір қалдыру: