Блогтар
«Ұлттық-ақпараттық саясат және халықаралық ынтамқтастық контекстіндегі Ұлттық кітапханалар» № 2 Сессиясы
Бүгін 27 маусым «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» атты Халықаралық симпозиумның соңғы күні, осы орайда серіктестік пен ынтымақтастық, халықаралық қызметті жүзеге асыруда оқуды қолдау парадигмасы мен мәдени біліктілікті арттыру және оқырман белсенділігін өсіру, Ұлттық кітапханалардың ұлттық-ақпараттық саясатының өзекті мәселерін талқылау мақсатында №2 сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Қытай, Корей, Иран, Ресей, Беларусия, Армения елдерінің кітапхана өкілдері баяндамалар оқыды. Германия, Ұлыбритания, Италия елдерінің және еліміздегі облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың кітапханашылары, оқытушылар мен оқырмандар қатысты.
Сондай-ақ, сессияда қазіргі таңдағы халықаралық кітапханалық қызметтің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өсуге ықпал ететін ең маңызды бағыты кітапхана қызметкерлерінің халықаралық ұйымдар мен конференцияларға қатысу, әлемдік кітапханалық-ақпараттық қорларды бірлесіп құруы, кітапхана ісі саласындағы тәжірбие мен ақпараттарды бөлісу, кітапханалық және ақпараттық қызметтің жоғары сапалы құндылықтарын арттыру тақырыптарында өзекті мәселелер талқыланды.