Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

28.03.2022
6365

Үміт самалы

Сағатқа қарап қадалдым,
Сарғайп неге сандалдым.
Сан жетпес жерде жапырақ,
Саябақ іші сары алтын.

 

Сені күтуге жаралдым.

 

Аспан күлгін түс боянды,
Ақ Ай мен жұлдыз оянды.
Ашық қып алдын құс жолы
Адаспай келсін аяулым.

 

Асықпын саған баяндым.

 

Қолымда раушан гүлшоғы,
Қалтырап желмен тұр солып.
Қоңыр күз тілін білсеңдер,
Қызымның сұра бар-жоғын.

 

Қалқам-ау  сүйдім бір көріп!

 

Күтумен тағат тарылды,
Көндіріп сенім сабырлы.
Көлдегі Айдың кескіні
Кідіре тұр деп жалынды.

 

Көркіңнен күнім айналдым.

 

Талдар да төніп мұңайып,
Тақпасын саған көп айып.
Тосынсый жасап ғашығым,
Табысар қылып көзайым.

 

Тоғысар жолың болайын.

 

Жылытып үміт самалы,
Желкенді кеме арманым
Жолымен сезімнің тауып   
Жетер махаббат аралын.

 

Жаным, елігім, маралым.

 

Барады бұлттар қалықтап,
Бос жүрсің көкте шарықтап.
Бақытым менің биіктен,
Байқалса айтшы анықтап.

 

Бағымды менің іздеп тап.

Кабанбаев Е
27.03.2022


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: