Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Вашингтон (АҚШ) Конгресс Кітапханасында және Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылады

Блогтар

11.01.2018
7671

Вашингтон (АҚШ) Конгресс Кітапханасында және Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылады

Вашингтон (АҚШ) Конгресс Кітапханасында және  Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылады

   Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде әлемнің 17 елінде орталық жұмыс істейді, оның ішінде: Қытай Халық Республикасының Ұлттық кітапханаларында, Корея Республикасында, Финляндия, Түркия, Венгрия, Жапония,  Италия және т.б.

   2018 жылдың 19-23 қаңтар аралығында АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасына Қазақстан жайында кітап тапсыру және Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығының салтанатты түрде ашылуы өтеді. Осы іс-шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Нашарбаевтың Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) ресми сапары аясында жүргізіледі.

   Іс-шара Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов, Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Әбдрашов Жәнібек Жарасқанұлы, АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорктік көпшілік кітапханасының Бас директоры Энтони Маркс, қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым, студенттер мен Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Ұлттық-мәдени Орталығындағы қазақстандық диаспора өкілдерінің қатысуымен өтеді.

   АҚШ-тың Конгресс кітапханасы мен Нью-Йорк қаласының көпшілік кітапханасы әлемнің үздік ғылыми кітапханалары болып табылады, бай тарихымен және салт-дәстүрімен, бірегей, раритеттік басылымдармен, қорлары арқылы бүкіл әлем мен кеңістіктегі оқырмандарға қызмет көрсете алады.

   Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы АҚШ астаналық орталық кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

 Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылады. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылады. Бұл кітаптар американдық оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға  мүмкіндік берері сөзсіз. 

   Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылады.   


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: