Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Владимир Высоцкий. Түйрелген сурет

Блогтар

26.02.2019
4775

Владимир Высоцкий. Түйрелген сурет

Владимир Высоцкий. Түйрелген сурет

 

Түйрелген сурет



Екеуміз де саған ғашық жарықтық,
Валя, -дейді, солай мендік тілек те.
Суретіңді кеудесіне ол салыпты,
Ал мен болсам жүрекке.



Тамұққа да бара аламын сенімен,
Вокзал кеші, көңіл шіркін күпті де.
Ешқашан да ұмытпаймын сені мен,
Дедім, Леша күліп: тіпті, тіпті,тіпті де...



Ақиқатын айтсаң өзің сенгенге,
Қарашығың бақыт күтіп талмасын.
Сол суретің жүрегімде, кеудемде,
Лешанікі терісінде, болмашы...



Ғұмырыңда қалай жаның күйресін,
Сағынышқа бас ұрғасың арайлым.
Сол Лешаның ағыттырып түймесін,
Күлімдеген суретіңе қараймын.



Сағыныштан жаным түрлі күйге еніп,
Шығарды ғой шығарды ғой есімді.
Бірде досым суреттеуді үйреніп,
Лешадан ап маған сені көшірді.



Солай, солай, солай болды ардақтым,
Өзгелерден көрген емен бақ сұрап .
Достарымды жамандаудан аулақпын,
Дейтұрғанмен, менікі одан жақсырақ...


 

Аударған: Серікжан Қажытай


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: