Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Жаңа астанаға қош келдің, қазақ жасы!

Блогтар

03.12.2017
5393

Жаңа астанаға қош келдің, қазақ жасы!

Жаңа астанаға қош келдің, қазақ жасы!
  • Ал, ХХІІ-ші ғасырдағы Қазақ Елінің астанасына қош келдіңіз, жігітім! - деді көзілдірікті қарт дәрігер қолын созып.- Бұл 3054 жыл!..

Әмір қатырылған денесін қайта қалпына келтірген Әбу-әли ибн Сина атындағы ұлттық клиникадан сыртқа шыққанда өзінің мүлдем жаңа ғасырдың табалдырығын аттап енгенін анық сезінді. Көркіне көз тоймас әсем қала. Ұлттық нақыштары көзге оттай басылған зәулім үйлер, түр-тұрпаты бөлек көліктер.. Қызылды-жасылды түске боялған қаланы қақ жарып аққан көгілдір өзен.

  • Газет оқыңыз!-деді оны сыртқа ерте шыққан клиника қызметкері, сөйтті де жауап күтпестен қарсы алдында тұрған әдемі темір бағандардың бірінің түймесін басып қалғанда, бірнеше газет атып-атып шықты.

Әмір әлгі адам ұсынған “ҰЛТ ҮНІ” газетін қолына алып, бірінші бетіне көз жүгірткен еді, кенет өзінің суреті шыға келді. “Өткен ғасырдан келген қонақ” деген тақырыбы ірі-ірі әріптермен менмұндалап тұр.

“Апырау, менің тірілгенім жаңа ғана емес пе еді?” – деп іштей таңдана бергені сол еді : “Сіз осыдан тура 2 сағат 15 минут бұрын “оянғансыз”. Бұл газеттің тілшілері сізді сол заматта суретке түсіріп әкеткен” - деді қасындағы серігі мұның ойындағысын айтқызбай-ақ түсініп.

  • Ә, әне олардың өздері де келе жатыр,- деп жолдың арғы жағынан

өздеріне қарай бұрылған екі жас жігітті нұсқады.

  • О, қош келіпсіз, Әмір-әріптес!.

Екеуі жарыса амандасып жатыр.

  • Кешір, біз өте асығыспыз, жол-жөнекей сөйлеселік,- деген еді бір кезде ересектеуі қайдан пайда болғаны белгісіз қарсы алдында тұрған шар тәрізді көлікті көрсетіп.
  • Кәне, енді танысайық, достым!  Әлгі ересектеуі көгілдір түсті

көлік орнынан сырғып қозғалғанда қолын ұсынды.

-  Менің есімім – Ілесбек, ал мынау серігім Шынтас.

Осы кезде Шынтас тіл қатты : Көңіл-күйің қалай , Әмір?

  • Жаман е-е-е-емес!-деді Әмір аң-таң күйінен әлі де арыла

алмағанын жасырмай.

  • Е, екі сағат бұрынғы суретіңді газеттен көріп таң қалып келесің

ғой, сірә? - деп жымиды Шынтас. – Оның еш құпиясы жоқ, біз сенің Астанаға келетінің туралы алдын-ала есітіп, жұрттан бұрын жеттік те, хабарды газет басылмай тұрып жіберіп үлгердік. Ал қазір газеттің түскі шығарылымына жедел хабар дайындауға кетіп барамыз.

  • Тұра тұрыңыз, сонда қалай өзі?.. Газетіңіз бір күнде екі рет шыға

ма? Астанада мұндай қанша газет бар?

  • Екі рет емес, төрт рет шығады,- деді Ілесбек. - Өйткені қандай да

бір хабар не оқиғаның жедел халыққа тарауы – бірінші шарт. Ал газеттерді санап көрмеппін. Кез-келген әлеуметтік топқа, мамандыққа, әрбір адамның талғамына арналған басылымдар бар.

  • Ал сонау Испаниядағы болған оқиғаны қалай жедел нөмірге

бергенсіңдер?

  • Әлемдегі барлық БАҚ-тар біртұтас ақпарат кеңістігіне біріккен.

Осы кеңістіктегі  ақпарды кез-келген ел қажетіне жарата алады. Әрине, бір ортақ кеңістікте орналасқан  соң  БАҚ  арасында үлкен

бәсеке болары сөзсіз. Алайда баспасөздің бірінші ұраны – хабарды халыққа ұзынқұлақтан бұрын жеткізіп беру. Міне, бар болғаны осы!-деп жауап қайтарды Шынтас.

  • Ал, жаңа айттық қой, газетіміздің бір күнде төрт саны шығады

деп. Соған қазір өзің куә боласың. Редакция тапсырмасы бойынша түскі шығарылымға жаңа хабарды үшеулеп жасаймыз,- деп Ілесбек Әмірдің қолын салтанатпен қысып-қысып қойды.

Ендігі сәтте үшеуі мінген ерекше көлік өз жылдамдығын арттыра түсті.

Ғажайып қала алақандағыдай ап-анық көрінді.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: