Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
22.05.2017
6730
Жарым болыңыз
Саған қашан барғаным да белгісіз?
Ғашық болдым адам айтса, сеңгісіз.
Өмірімде талай ару бас тартты,
Көңілімді қалдырмаңыз, енді сіз.
Кездесуге шақырайын келсеңіз,
Сүйемін ғой, бұл сөзіме сенсеңіз.
Маxаббат өлшенетін болса егер,
Таразыға мені қәзір өлшеңіз.
Өлшенбейді маxаббатым салмақпен,
Неғыламын сізді бүгін алдап мен.
Ең алғаш жаңбырлы күн үйіңе,
Өзіңізді көру үшін бармап па ем.
Арналады бұл өлеңің кімге деп?
Отырсыз ба кеуде толы мұң кернеп.
Сіздің ғазиз көңіліңіз патшадай,
Ақпейіл жүрегіңіз тым бөлек.
Неткен жұмсақ әп-әдемі қолыңыз,
Мүмкін осы біздің бәлкім жолымыз.
Мені мәңгі құрметтейтін қадірлеп,
Қартайғанша адал жарым болыңыз?!
© Сержан Әлімбет
Бөлісу:
Пікір қалдыру: