Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Жастардың сырластарына айналған Андрей Коновалов

Блогтар

03.07.2017
4951

Жастардың сырластарына айналған Андрей Коновалов

Жастардың сырластарына айналған Андрей Коновалов

     Үстіміздегі жылдың 27 маусым күні «Қазақстан» ОКЗ конференц-залында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Оқу әлеміндегі – оқырман ұлт» атты Халықаралық симпозумы аясында талантты рэп-орындаушы, ақын, видеоблогер, ютьюбер Андрей Коноваловпен кездесу болып өтті.

    Кездесудің мақсаты: ХХІ ғасырдағы PR-лық насихаттау жұмысы турасында және оқырманмен кітапхана арасындағы байланыстың бірегейлігі, әлеуметтік желі арқылы қазынаға толы кітап әлемін кеңінен насихаттау болды. Сондай-ақ, кездесуге Халықаралық симпозиум қонақтар мен оқырмандар, қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушы жастардың қарасы өте көп болды.

   Кездесудің модераторы болып, замандасы әрі шығармашылықтағы одақтасы Әділ Уммат болды.

   Жиналған жастардың толасссыз сұрақтарына мүдірместен жауап беріп, жиналған дүйім жұртты өз өнерімен ғана емес, ораторлық, тапқырлық және жұмсақ мінезділігімен де таңқалдырды. Кездесу соңында жиналған жастар қауымы тағы да күтетіндерін айтып, қимастықпен қоштасты.

    Андрей Коновалов 1991 жылдың 17 қазанында Ресейдің Мәскеу қаласында дүниеге келген. Талантты реэп-орындаушы, белсенді ютьбер, онлайн және оффлайн байқауларының жеңімпазы. «Нужней всего» атты бейнебаянымен танымал болған ақын, көптеген өлеңдердің авторы. Қашанда «Қандай іс бастасаң да нәтиже көрсет, нәтиже болмаса іс бастама» атты ұранды жанына місе тұтқан талант иесі.

SayMeow-атты лақап атпен танымал болған тұлға. Бозбала күнінде қарапайым ғана бала арманы көп қаражат тауып, шағын кеңсе де қызмет істеумен шектелген. Алайда әдебиетке деген құмарлық бала арманының қиялын көкке жетелеп, мақсатқа жетуде шапшаңдықтың және қимыл-қозғалыстың нәтижелігі жетістікке жеткізетінін түсінген ол – мәтінді сайыстарға түсе отырып өз өнерін шыңдай түседі. Бастапқы кезеңдерінде аз ғана дүниелерін әлеуметтік желі арқылы паш еткен өнер иесі, уақыт өте келе қалың оқырманның сүйікті болгеріне айналады. Заманауи блогерліктің қыр-сырын меңгерген ол, өз амалдарымен және әдіс-тәсілдерімен бөліспек. Әлеуметтік желі арқылы адам жанына жақын дүниелерді жеңіл де жұмыр етіп жеткізудің жолдарын кездесу барысында түсінідіріп, үйретпек.

Шығармашылығының негізгі кезеңдері: 2011 жылы алғаш лақап атпен ән альбомы жарыққа шықты.

2012 жылы «Спасение» атты дебюттік бейнебаяны шықты.

2013 жылы жаңа «Нужней всего» атты бейнебаяны тыңдарманын тез баурай жөнелді.

    Әрбір шығармасында тыңдарманды көптен күткен ерекшеіктерімен таң қалдырады. 2017 жылдың наурыз айында «Kinstugi» атты шот-тейп тұсаукесерін өткізеді.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: