Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Жасыл ел – жарқын болашақ

Блогтар

28.11.2017
6323

Жасыл ел – жарқын болашақ

Жасыл ел – жарқын болашақ 

Табиғат ана – тылсым дүние ғажайып 
Жасыл ел жайлы аппақ параққа жазайық 
Жауабын таппай сұрақтар жатыр санамда 
Қорықтар саны барады неге азайып? 

Қоқысқа көмдік даланы,сай мен саланы 
Тазарту керек ауыл аймақты,қаланы 
Жасамас бұрын «Сенбілік» жұмыс көшеге 
Тазалау керек бірінші ой мен сананы 

Құлаққағыс қып,шалғайда жатқан халықты 
Қорғауға алдық,жануар,құсты,балықты 
«Қызыл кітапқа» енгіздік,бірақ неліктен 
Жануарлардың сандары кеміп қалыпты 

Санасыз жандар аймақты бпрша күйретті 
Өсімдік,орман,тоғайлар тіптен сирепті 
Жас ұрпақ өтер,сындырып шыққан шыбықты 
«Тәрбие» сөзін мектепте қалай үйретті? 

Басқанда қадам,межеге таяп өрлеуге 
Табиғат ісін ойлайды жүрек,өр кеуде 
Алдыға емес тартады артқа,біліп қой 
Көшеде жатқан қоқысты алмау,көрмеуде 

Сырларын тағы ішіне қоғам бүккен бе? 
Жеңісті сәтін асығып ұлтым күткенде 
Ағат істерге баруға сірә,болмайды 
Бар әлем бізге жанарын қадап тіккенде 

Мәселе көп қой,бұданда бөлек,басқада 
Елбасым бастап берді ғой,жақсы бастама 
«Жасыл ел – жарқын болашақ» деген ұғым бар 
Осы жайында,ЭКСПО жасар Астана 

Күдікті ойды,мақсатқа айқын жеңдіріп 
Заманмен қадам жасайық алға тең жүріп 
Әр сенбі сайын ерікті болып шығайық 
Әкім ағалар жасап жатқанда сенбілік 

Салмағы ауыр арқаға түссе ар жүгі 
Өзгелер сынды табиғаттыңда бар мұңы 
Шет елден асып кетпейміз біздер неліктен 
Бізде де бар ғой,шет елде бардың барлығы 

Болашақ үшін жоспарлар бізде барма дөп 
Істелер істер жатыр ғой әлі алда көп 
Табиғат жайын қозғайық біздер бірігіп 
Әйтпесе ертең сүйекке түсер таңба боп... 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: