Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
РЕЦЕНЗИЯ
Жазушы Тұрысбек Сәукетаев кейіпкерін неге жынды атады?

Блогтар

14.11.2017
16179

Жазушы Тұрысбек Сәукетаев кейіпкерін неге жынды атады?

Жазушы Тұрысбек Сәукетаев кейіпкерін неге жынды атады?

 

 

Оқыған кітаптарым туралы жазбағаныма көп болды, иә? class=img

 

Бұл кітаптың Алматыдағы “Меломанға” түскенін естігелі бері Астанаға келуін ұзақ күттім. Өткенде Керуенге жолым түсіп, кітап дүкеніне соға кетсем, тұр!  Бірден оқуға асықтым.

 

Ең бірінші назарымды аударған кітаптың атауы болар. Жынды боларлықтай не істеді екен? Сосын “жылдың ең үздік романы” деген бағасы да оқырманды тартып тұр. Үшінші ерекшелігі, мұқабадағы, ішіндегі тақырыпқа орай салынған суреттер болар.

 

Кітапты бастағаннан езуің жиылмайды. Алғашында бас кейіпкердің қылықтарына шын күлгеніңмен, кейін ашынып күлесің. Тәуелсіз алғаннан бергі еліміздің жай-күйі мұншалық шынайы суреттелмеген шығар. Әсіресе жазушылар мен ғалымдардың мүшкіл жағдайы туралы оқығанда жүрегің езіледі.

 

“Мен - жындымында” жазушы өзі өмір сүріп жатқан қоғамын да, оның тұрғыны – адамын да сынайды. Қазіргі ақын-жазушылардың билікке жағымпаздығын аяусыз әшкерелейді. Ал шын жазушыны мына қоғам қалай “жындыға” айналдырғанын сипаттайды.

 

Маған бұл кітап Тұрысбек Сәукетаевтың өзі басынан өткендері секілді көрінді. Арасында Герольд Бельгер, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді жазушылардың аттары сол қалпында жүр. Әрі автор сипаттаған Алматының әр бұрышы сол өзім көрген қалпында көз алдыма келді де отырды. Жалпы байқағаным, күні кеше өзім сұхбат алған қаламгерлер Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Ғаббас Қабышұлылардың барлығы өздері өмір сүріп отырған қоғамға көңілдері толмайды, наразы. Қазіргі әдебиеттің жай-күйіне алаңдаулы. “Мен – жындымынды” жазған Т.Сәукетаевтан да сол мұң, ашынғандық сезіледі. Ақырында булығып тіке айта алмаған заман шындығын “жындының” аузына салып береді.

 

Романның тілі көркем, бай демес едім. Жеңіл оқылады, оқырманына ой салады. Қысқасы, өздеріңіз өмір сүріп жатқан қоғамға басқа бір қырынан қарағыларыңыз келсе, “Мен – жындымынды” оқуға әбден кеңес беремін class=img

 

 

#МарфуғаШапиян #1жылда100кітап #кітапоқыпжарысайық#bookisthebestfriend #кітапtravel #ТұрысбекСәукетаев #менжындымын


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: