Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Жеке шығармашылығымнан 1 топ өлең

Блогтар

02.12.2017
6056

Жеке шығармашылығымнан 1 топ өлең

Жеке шығармашылығымнан 1 топ өлең

Я прошу, 
Не влюбляйся
В меня.

(с) С. Есенин

СҮЙМЕ МЕНІ
(ЕСЕНИНШЕ)

Кішкентайым,
Бала мінез, қылықтым. 
Сүйме мені,
Ұмытқын!

Тағдырыңа тура келген тақпа мін,
Меніменен бітпейді өмір, әппағым. 

Әп - әдемім,
Күн дидарлы көркемім. 
Сүйме мені,
Болсын десең ертеңің. 

Қиялдағы Ханзадамсың дейсің бе?
Қызықты екен ертегің?!

Ажарлым - ау,
Өр мінезді, айбынды. 
Сүйме мені,
Бөліспе де қайғымды. 

Төрт жол өлең жазатыным болмаса,
Әперуге еш зауқым жоқ ай - күнді. 

Ақымағым,
Елемейтін сөзімді. 
Сүйме мені,
Не қыласың сезімді?!

Уақыт өте өз теңіңді табасың,
Бола білші төзімді. 

Бұрымдым - ау,
Ерке қызы Қазақтың. 
Сүйме мені,
Жүрген жерім азап тым. 

Мені сүйген қыздың бәрі бақытсыз,
Мен ұнатқан жанның бәрі ғажаптын. 

Қарындасым,
Ағаң сенің не теңің?
Ұмыт мені,
ұмыта ғой
Жетеді!!!

 

 

* * *

 

Апа,
мен - отпын, жаспын, жалынмын,
Табытқа келмейді таңылғым.
Шақыра бермеші ол жаққа,
Онсыз да күнім - мұң, таңым - мұң.

Шақыра бермеші. Шаршадым!
Мен үшін жалғанның бәрі «ГҮЛ»
Жарыққа ауғанмен аңсарым,
Табытқа сыймаймын бәрібір!

Апа,
жер менің мекенім,
Зәу көкке болмай тұр зауқымда.
Уақытым жеткенде кетемін,
Дәл осы қалпымда.

Уақытым келгенде аттанам,
Әзірге, мен Сізді елемен.
Сіз «сүйіп», қырт қауым «даттаған»,
Өмірді сүйеді, немерең!

Апа, шақыра бермеші,

Неге мен?!

 

 

* * *

Аңсағаным,

Қылығыңа сүйсініп, тамсанамын.

Сендік мұңды сейілтіп жіберер ем,

Болса амалым.

 

Сағынғаным,

Керек кезде жаныңнан табылмадым.

Жалғыздықты суқаным сүймеуші еді,

Амал нешік?

Қабылдадым.

 

Дара шыңым,

Дүниенің қайтемін бар асылын?

Күндіз - түні ойлаймын сені ғана,

Шарасынан шыққанша қарашығым.

 

Ерке елігім,

Мен мұңайсам қобызын шертеді кім?

Әттең, түбі бақытты бола салар,

Кейіпкері болмадық ертегінің.

 

 

* * *

Бозарып атқан таңыңды сүйем,
Мұржаңнан шыққан жалынды сүйем. 
Шілдеге жетпей қурап кететін,
Мүрдеңе біткен талыңды сүйем. 

Бірең - сараң құсыңды сүйем,
Шетел асатын мысыңды сүйем. 
Қаңтарда келіп, қаңтарда өлген,
Түсініксіздеу қысыңды сүйем. 

Түтінге дәру көгіңді сүйем,
Күтімге зәру көліңді сүйем. 
Бетеге түгіл, жусан өспейтін,
Шексіз, қиырсыз шөліңді сүйем. 

Ащы да, сасық газыңды сүйем,
Жасанды, пасық назыңды сүйем. 
Көкше теңізге телміртіп қояр,
Қапырық, ыстық жазыңды сүйем. 

Кемшілігіңе қарамай сүйем,
Ешкімге сені баламай сүйем. 
Балқашым, жайнап сен өсе берші,
Жар болып саған Жаратқан ием.
 

 

* * *

Жылатамын,
содан соң өкінемін,
Жұбатамын, қосыла өкіремін.
Сен жылама, балдайым, менің ғана
Қайғыдан қарс айрылсын көкірегім.

Сен жылама,
сүрте ғой жастарыңды,
Серік қыла бермеші басқа мұңды.
Сен күліп жүр әрдайым, 
менің ғана:
Қара түнек бассыншы аспанымды.

Сен күліп жүр,
мен үшін алаңдама,
Саған бақыт бұйырсын, маған нала.
Қырық қызды жылатқан ғұмырымды ап,
Қара басып, қасқайып қалам дара.

Сен күліп жүр,
Мен үшін алаңдама...

«ДОСҚА СЫР»

 

Сұлтан досым, амансың ба?

Бармысың?!

Жанарымнан жас үзіліп калды шын.

Әлду - бәлду күн кешуде бұл досың,

Ести - ести қыз біткеннің қарғысын.

 

Жанарымды тұмшалайды тамұқ мұң,

Ит тірліктің азабына қанықпын.

Ылғи маған «У» ішкізген өмірдің,

Мазағынан жалықтым.

 

Үміт мені үкілемей қойды ғой,

Жағама кеп жармасады шер мен мұң.

Тәнімді алып жерге көме салыңдар,

Кұрысын, бұлай көрген күн..

 

Сұлтан досым, шерлімін ғой шерлімін,

Не болары белгісіздеу ендігім.

Мықынымның мәні кетіп барады,

Аяғыма оратылып белдігім.

 

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: