Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Жеті модуль-жеті керемет

Блогтар

28.11.2017
6144

Жеті модуль-жеті керемет

Жеті модуль-жеті керемет

Балақан мен Балапан

 

Тіл келмейді басқаға, апа , атаны  біледі,

Жиі-жиі қайталап жетіні айтып жүреді.

Жеті саны киелі,сезер сәби жүрегі,

Былдырлайды, ымдайды қасыңнан қалмай бір елі.

 

Тамағын ішіп түстеніп төр бөлмеге беттейді,

Теледидар алдынан мультфильм көрмей кетпейді.

Байқасақ, әлгі жетіміз «Балапан» телеарнасы,

Бұдан да  үлкен ойларға сәбидің жетсін санасы.

 

Жол көрсетер мейірімді қуанады Дара деп,

Үлгі болар хабарды тамашалар бала көп.

Али менен Айяға ақыл қосар үнемі,

Сүйсінеді балақан, атасы  қандай дана деп.

 

Басталғаннан Балапан,риза болып қуанар,

Шаттана соғып алақан, жақсылықтан үлгі алар.

Ризамыз жетінші арнаға  телеарна «Балапан»,

Еңбектерің жансын деп соғылсын көптеп алақан.

     Талдықорған қаласы,

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі   кітапхана меңгерушісі Серикова Лаура Дарибаевна

 

Қайырымдылық

Арқалаған ауыр тағдыр талқысын,

Адамдардың бөлісе біл қайғысын.

Жетім көрсе жебей жүрер дем беріп,

Қайырымды жайсаң жандар бармысың.

 

Бағалайтын жанәлемін,арды шын ,

Қондыратын қолға игілік нәр құсын.

Жақсылығы қайтсын сізге Алладан,

Мейірімділік көрген айтар алғысын.

 

Адамзаттың пейілінен нәр алған,

Көмектесу ұлы парыз санаңнан.

Ізгілік пен имандылық, қамқорлық,

Адамдық ар биік тұрсын қамалдан.

                         ***

Өнері бұл өмірде мүмкіндік пе?

Күдіктене қараймыз, мүмкін тіптен.

Қарсы жүзер ағынға қайсар жандар,

Қарамай-ақ шектелген мүмкіндікке.

 

Тағдыры ауыр, дәрменсіз мүгедек көп,

Кемсітпегін сен оны мүгедек деп.

Көрсін ол да өмірдің қызық шағын,

Соз қолыңды, қарайлас, мейірім төк.

***

Жолдасқылып дөңгелекті арбаны,

Орынынан бір тұрып кету арманы.

«Неге ғана мені таңдап алдың ?» -деп,

Жазғыруға болмас бірақ Алланы.

 

Бір адам бар мүгедекпін демейді,

Сұрағы көптесіп өтер көмейді.

Маңдайтерін сіңіргені болмаса,

Өзгелердің ұсынғанын жемейді.

 

Біреулер бар аяқ –қолы сау мүлдем,

Жаңбыр жаумай су болған –ау  тау  бейнең.

Еңбекету қаперіне кірмейді.

Санатта жоқ босқа жүрген құр сүлдең.

                                                       Талдықорған қаласы,

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі арнаулы лицейі

 

Тәуелсіздік жолында

Желтоқсан жастар қозғалысы,

Биікеді жастардың ар-намысы.

Талап етті егемендік теңдікті,

Жойғын деді менмендікті  мендікті.

 

Үлгі болды әр ісімен, кешегі апай ағалар,

Әр сөздері ,әр қимылы ерлік болып саналар.

Құрбан болып кете барды,бақытын тілеп елінің,

Топырағы бұйырмады туып өскен жерінің.

 

Уақыт зырлап өте берді,өткен күнде белгі қап,

Атанды елім егеменді,халықтың көңілі бүгін шат.

Содан бері ескеріліп атаулы күн желтоқсан,

Күнтізбеден орын алды,қабылданып Ата заң.

 

Желтоқсанның ызғарынан қаймықпады жастарым,

Аллам енді көрсетпесін, көздің жасын басқа мұң.

Қарыштап - ақ келеміз біз, алдымызда сара жол,

Ширек ғасыр тәуелсізбіз болашаққа сенім мол.

                                                         Талдықорған қаласы,

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі арнаулы лицейі

Кітапхана меңгерушісі Серикова Лаура Дарибаевна

 

Анама

Баласы үшін түн  ұйқысын төрт бөлген,

Ғазиз анам еңбегіңді қайтып өткерем.

Адам бол деп ұрысқан әрбір кейіген,

Сәттеріңді жек көрмеймін,кек көрмен.

 

Шексіз менің анама айтар алғысым,

Мейірімен тебіренткен жанды шын.

Перзенті үшін кезіпкетер аянбай,

Ызғарына қарамастан қарлы шың.

 

Мен үшін Анам арайлап атқан таңбысың,

Мен үшін Анам ерекше тұлға тау мүсін.

Жаңғырып тұр ақыл сөзің санамда,

Азамат болдым  бұл  балалық алғыс үн.

 

Әлемнің жеті кереметі

Бәсекеге бейімділеп қазіргі,

Кітап оқуға тартам оқырманымды.

Біліктілік,нәтижеге тиімді,

Бағдарлама,7 модуль маңызды.

 

Жаратқан берген екен қос жанарды,

Көрумен қарсы аламыз атқан таңды.

Көруді жазған екен тіршілікте,

Білсін деп әсемдікті адам жаны.

 

Шаттандым ата -анамның  естіп үнін,

Еркелеткен құлыным,келші күнім.

Құлағыңа әуезді үн естілсе,

Бұл құбылыс керемет,есту мұның.

 

Мәнді сөйлеу жатады мәдениетке

Сөздік қорың өте бай, болсын көпке.

Сөз әдебін ұстанып күнделікті,

Сөйлейміз ойымызды жеткізбекке

 

Сүю деген көздің ыстық жасы да,

Шексіз сезім, туған жердің тасына.

Сүю деген ынтызар көңіл біреуге,

Адамға тән қасиет –ау, расында.

 

Айналаңды санаңменен сезіну,

Жамандықтан тым аулаққа безіну.

Сезіне білу төресі ғой сезімнің,

Жаны жайсаң адамдарға кезігу.

 

Ойлау болар көпке ұнар танымды,

Еш зиянсыз,пайдалысы жағымды.

Түйсігіме мақсатты ой бере гөр,

Қабылдайтын ақпаратты ағымды.

 

Сын сағатта,күрестерде сыналу,

Қиындықты жеңгеніңе қуану.

Жетістікке жеткеніңе шүкір деп,

Бұл өмірге келгеніңе қуану.

 

Сыйғызып әлемнің жеті кереметін,

Шумақтап, жүйесімен өлеңдеттім.

Адамның бойындағы  бар сезімнің,

Тек қана жақсылығын керек еттім.

 

Қасиеттерді кереметке теңеп өттім,

Ізгілікті төбеңізден себелеттім.

Адамдар әр күніне тәубе етсін деп,

Адамдықтың тамырын тереңдеттім.

        

Талдықорған қаласы,

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінің кітапхана меңгерушісі Серикова Лаура Дарибаевна

 

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: