Жұмыс та – өмір, Демалыс та – өмір.

18.04.2026 204

Адам тағы жұмысқа жегіледі,
Маңдай тер, күш-қуаты төгіледі.
Жұмыс деумен адам өзін ұмытады,
Өз ғұмырын осылайша сырғытады.

 

Қандай жақсы кейде демалғаның,
Жақындармен көрісіп, сырласқаның.
Демалып тұрғаның да артық етпес,
Одан сенің жұмысың кеміп кетпес.

 

Жақындарға бір барып қайтыңдаршы,
Жұмыс деген біткен бе, айтыңдаршы?!
Кейде сергіп тұрған артық етпес,
Жұмыс бітсе, адам одан жүдеп кетпес.

 

28.09.2025

Пікір қалдыру: