Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды

Блоги

11.02.2021
8163

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «2021жылы -  Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» - аясында арнайы брифинг болып өтті.

 

Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы, жыршы, драматург Баянғали Әлімжанов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Сара Измухаметова қатысты.

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ,бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырды.

 

Осыған орай, жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау болып отыр. Аталмыш шара аясында түрлі жобалар мен мәдени іс-шаралар, халықаралық форумдар, үйірмелер, шолу мен тақырыптық экскурсиялар, байқаулар мен кездесулер, кештер, челлендждер жүзеге асырылып, әлеуметтік желілер мен БАҚ-да кеңінен насихатталатын болады.

 

Брифингте алғашқы болып сөз алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов былай деді:

 

- Биыл алуан түрлі мәдени-танымдық, оқыту шараларын өткізу жоспарланған. Соның ішінде, кітапханалар жүйесі мен қызметінің заманауи үлгілерін ұймыдастыру ісі жолға қойылуда. Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өтетін шаралармен республикаының барлық аймақтары қамтылады. Оқырмандардың кітап оқуына барынша жағдай жасалады».

 

2021 жылдың Балалар мен жасөспірмдердің кітап оқу жылының жарияланғанын қолдайтынын жеткізген ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет:

 

- Отандық балалар әдебиетін қазақ тілінде жазатын жас жазушыларды мемлекетті деңгйеде қолдау қажет. Қазіргі балалардың көпшілігі компьютердік ойындарды жақсы көреді. Егер біз қазіргі балаларға қажетті жұмысты ұсына алмасақ, олар бұл бос орынды басқа нәрсемен толтырады. Ал, болашақта бұл балалар біздің елімізді басқаратын болады, - деді.

 

Балаларды көркемсөз арқылы ойлауға, ойнап жүріп ойлауға үйрету қажеттігін алға тартқан белгілі балалар жазушысы Баянғали Әлімжанов та өз ойын былайша білдірді:

 

- Қазақ балалар әдебиеті бйа әдебиет, адмгершілігі мол. Осының ішінен қайссысын оқыту керек. Балалардың қолы жете ме? Жоқ. Өйткні, ауылдағы балалр кітапқа зәру. Ал, кітап сатып алуға жағдайы келмейді. Осыған орай, мен балалардың тақырыптық антологиясын шығаруды ұсынамын. «Отан», «Туған жер», «Тіл» тақырптары бойынша шығарылған антологшияны сайттарға орналастырса, мұғалім де, балабақша тәрбиешілері де пйадаланатын болады. Бұл таптырмас қажетті құралға айналады. Бұл балаға түсінікті өлеңді жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Келесі сөз кезегін алған Ұлттық акдемиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева Дәуренбекқызы қазіргі қоғамда «сәнге» айналғанжылдам оқуға қатысты өз пікірін білдірді.

 

- Мен балалар үшін таңдаудың болғанын қалаймын. Ол тез оқығысы келе ме, жоқ па – бұл оның таңдауы. Түсініп оқығысы келе ме – бұл да оның таңдауы. Мен жылдам оқудың бірнеше әдісін білемін, балалар үшін бұл өте қолайсыз, өйткені жылдам оқығанда түсініп оқу керек.

      

Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Сара Измухаметова:

 

- Атырау облысында балаларға арналған 137 кітапхана бар, оның ішінде көпшілік кітапханалар – 120,  1 облыстық, 7 орталық аудандық,  1 қалалық орталық балалар кітапханасы, 5 қалалық бөлімшелері,  3 селолық кітапхана бар. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда, бос уақытын тиімді өткізуге кітапхана жанындағы үйірмелердің алатын орны ерекше. Осы ретте облыстық балалар кітапханасында көп жылдан бері жұмыс жасап келеді, - деді.

 

Айта кетейік, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы Кітапханалар қауымдастығы мен бірлестіктерінің халықаралық федерациясының (IFLA) президенті Кристина Маккензидің, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері мен оқырмандар қоғамдастығы тарапынан қолдау тапты.


Поделиться:      
Оставить комментарий: