Коммунизм туралы ой немесе Тәуелсіздік үшін күрес

09.11.2026 123

                               I      

Коммунизмді не үшін жек көремін,  

Талқандалған тағдырдан естігенім.  

Сол жүйенің бар екен ақ-қарасы,  

Тарихымнан оқылған көп беттерін.

Октябрьдан алғанда жеңістерін,  

Уәде берді қызылдар көп істерін.  

«Теңдік пен бостандық береміз» деп,  

Насихаттап берді ғой үлестерін.

Бірақ, бірақ не пайда құр сөздері?  

Жақсылықпен келген жоқ сол істері.  

Қайғы-қасірет әкелді халқымызға,  

Қолдан жасап аштықты даламызға.

Алаштың арыстарын атып салып,  

Азап пен мұң әкелді кең далаға.  

Жеңіс үшін майданда аталарым,  

Отан үшін от кешіп басар адым.

Жауды жеңіп, өлімнен аман қалып,  

Сақтағаны бұл елдің болашағын.  

Туған жерге майданнан оралғанда,  

Жүйе емес — ерлігі таңылғанда.

Елді сақтап қалғаны үшін ғана  

Құрметпенен қараймын аталарға.

                                   II

Коммунизмнен не үшін жиіркенемін,  

сол заманның шыңдығын естігенім.  

Жыртылған жер даланың гектарынан,  

уланған жер атомның бомбасынан.

Осылайда айналып полигонға,  

тұзағына түсті ғой қайран өлкең.  

Ысырылып өз тілім,  

Ысырылып өз дінім,  

Ысырылып дәстүрім,  

Ысырылып тарихым шеткеріге.

Орын басты өгей тіл өз төрінде,  

Қожайыны келімсек орын басқан.  

Қорлық көрді қазағым сол орыстан.

Жаңа дәуір,  

жалған ұран.  

Әділ емес шешімдер шығарылған,  

Отынан май құйғандай намысына.

Шыдамның шегі болған сол ғасырда  

Азаттық үшін,  

Еркіндік үшін,  

Тәуелсіз ел үшін  

күресетін кез келді қазағыма.

Желтоқсанда ызғарын төгіп тұрған,

Қызыл билік өктемдік қан толтырған.

Қаншама жас қиылған құрбан болған,

Қаныпезер әскердің қолдарынан.

Уақыт өтті–бірақта сынбады рух,

Азаттықтың таңы атып жаңарып күн.

Қайтарылды дәстүрім,

Қайта оралды өз тілім.

Қайта оралды өз дінім,

Қалып келді тарихым.

Орындалды талай жылдар көп күткен,

Ата баба–аңсаған,

Сол жастардың арманы.

Тарих соты басталды сұм жүйеге,

Кезең келді күйрейтін алып елге.

Бес ғасырлық күрестен аман келген,

Тәуелсіздік жасасын ұлы еліме!

Оставить комментарий: