AHAMA

12.05.2026 19

Сәбетай Сыпатай:

AHAMA

Бір биік бар, өте биік заңғарлармен таласқан,
Бір бақыт бар, қарапайым жақсылықпен жарасқан.
«Елден-жұрттан, айналайын»
дейсің анам әрдайым, ынтымаққа жол ашқан.
 Мейіріңнен айналайын ынтымаққа жол ашқан.

Қыздың жолы жіңішке жол, кім білген не берерін, Сондай жолда қандай қымбат сыйлы болу дегенің.
Бірі терең, бірі биік, бірі таудың тарланы,
Жарты өзегім нағашымның өзегінен дер едім.

Қара тасты қақыратқан таулы өңірдің гүлі едің.
Неше мәрте жүдетті өмір,неше мәрте түледің,
Нарың кеткен... тауың қалған...тау арқылы келесің, Сендік арман - таудан үлкен таудың жоғын білемін.

Адамның бар қасиеті тазалығы, еңбегі, Қару-калам, қағаз-дұшпан көтертпейді кеудені.
Маған жазған таудай талап табанында жатқандай,
Бақытты да қасиетті кәріліктің сендегі.

Өсіп-өнген ұрпақтарың тіршілікке төселер,
Аман болсын, арамызда жүрген әке-шешелер.
Асыл ана, сабырлы ең ғой, қырқа жаққа асықпа,
Бірер күндік дүниенің
қуанышын кеше бер.

Оставить комментарий: