Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Аяқталмаған симфония

Блоги

18.11.2020
4618

Аяқталмаған симфония

Өткен – елес... 

Тұман алдан – көрінеді әріде,
Қимағанмен... жас та өтер, кәріде.
Жапырағы ағаштардың нәзік боп,
Тамыр тартқан терең бойлап әріге.
Қарсы жүзген адам – жаңбыр, дауылға,
Мына өмірдің нәрі не?!.
Дүние үнсіз, үнсіз жатыр барлығы,
Ит үрмеген...  ауылда.
Саутамдық жер қалмағанда тәніңде,
Құрып бітті-ау деген кезде жаның да,
Дұға оқып, жеңілдеп бір қайтасың,
Жаубы жоқ... бірдеңелер айтасың,
Қауымға.
Тазарады іштегі бар шаңың да,
Сағалайсың жатқандарды қабірде,
Елеңдейсің сыбырлаған әр үнге. 
Әулиелі қабірге бір сүйеніп,
Тұрасың тек мың тіріліп, мың өліп ...
Тірлігіңнің ұмытқандай бәрін де!

 

Қисық сызық

 

Ақынға бақыт пен тақыт бұйырмаған..

.

Баспадан әлі шықпаған,
Жазылмай қалған кітаптан.
Күз келіп, жанын ұқпаған,
Тамырлар тамады, жапырақ – бұтақтан.

 

Бөлтірік өлеңдер... емуге таласқан,
Көздері от шашып жанады.
Жол таппай кеңдікте адасқан,
Бұлттардай шаңытып барады.

 

Өлеңдер тіркесіп жалғанған,
Шынжырдай, 
Кетердей... үзіліп.
Сәл затқа баладай алданған,
Көңілде бір күдік, бір үміт.

 

Озалда қалған қағылып... барлық жүлдеден,
Шаңы жоқ «төрт ешкі»... айдаған, қарасаң. 
Жарысқа түспей-ақ, (кімменен?..)
Өкпең өшкенше,
Марафон!

 


Поделиться:      
Оставить комментарий: