Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ЭССЕ
Әлем және Адам

Блоги

15.04.2020
5580

Әлем және Адам

Студент болып жүрген алғашқы жылдарымда энклюзивті білім беру жүйесін, зертеуді алдыма мақсат қойдым. Мәриям есімді мүгедектерге арналған арбаға таңылған қызға білім бердім. Мәриямға білім бергеніммен, ол маған үлкен тәжірбие және ұстаз болудың қандай ұлы сезім екенін ұғындырған болатын. Әдебиетке адасып келмегенімді осы кішкентай ғана бүлдіршінге сабақ берген сәттерімде ұқтым. Мүмкін мен Мәриямға ең керемет білім бермеген де шығармын. Бірақ мен оған жақсы сырлас әрі дос бола білдім.   

 

Адам баласы әрдайым әлемді өзгертуге тырысады. Тағдырына қарсы тұруға ұмтылады. Үмітін ешқашан үзгісі келмейді. Үзілмей тұрған үміт, үзілген сәтте қайғыдан қан жұтатыныда бар. Тағдырына ешқашан өкпесін айтпаған Мәриям, тек қана анасының дем алып, өзімен өмірінің соңғы сәтінде жанында болғанын ғана қалаған.  Бірақ ана жүрегі ешқашан берілмеді. Жүрегінің бір бөлшегі, бауыр еті баласының отасы үшін күнімен-түнімен көз ілместен жұмыс жасады. Мәриям дүниеге келгенде мүгедек болып туылды. Оны әкесі дүниеге келген сәтте-ақ, мына қатыгез әлемде анасы екеуін жалғыз тастап кетті. Ол әкесінің қызым деген бір жылы сөзін естуді өте қатты армандады. Мәриям басына түскен қиындықтарға қарамастан өмір сүруге құштар еді. Қатарластары секілді аулада ойнамаса да, зеректігімен құрдастарының алды екенін бірден байқайтынмын. Бөлмесіне ең алғаш кірген сәтімде, терезенің алдындағы үстел үстінде отырған кішкентай қызға желкесінен ғана қарадым. Менің кіргенімді байқамай кітап оқып олтырды. Үнсіз ғана жан-жағыма қарадым. Арбада отырған, бұйра шашты қызды көріп, көзіме жас толды. Ішімнен «Маусымжан, сабырға кел, мықты бол, сен мықтысың» деп өз-өзіме айтумен болдым. Есімді бірден жиып, Мәриямға қарай бардым. Кішкентай періштемен танысып, сабақ жайлы сөйлестім. Ол менің жанарымдағы аяушылық сезімді бірден байқады. «Апай, маған да басқа балаларға қарағандай қараңызшы» деп айтқанда жүрегім қарс айрылды. Жатақханаға қайтар жолда, егіліп жылап алдым. Көз жасым тоқтар емес. Өмірге бар өкпемді айтып, мына қатыгез әлемді жек көріп келе жатырмын. Ендігі мақсатым, Мәриямға дұрыс білім және тәрбие беру болды. Сабақ өтіп жүргеніме  бір айдан аса уақыт өтті. Осы уақыт ішінде оқушым, бірнеше шығармаларды оқыды, салт-дәстүрмен танысты, диалект сөздер туралы біліп таң қалған сәттері де болған. Сабақты әр күн сайын қызық өткізгім келді. Бірде үйдің жанындағы саябақта өткіздім, бірде өз үйлеріндегі ас үйде өткізіп, бауырсақ әзірлеуді үйреткен болатынмын. Мұғалім мен оқушы емес, апалы-сіңілілердей болып кеттік. Тіпті, сол үйде түнеп қалып, түнімен қорқынышты кино көрген кездерімізде болды.

 

Бір күні қатты шаршаған анасы жұмыстан дем алып, үй шаруасымен айналысуды жоспарлайды. Анасы мағанда демалыс беріп, үйде қызымен оңаша да болғысы келетінін айтады.   Ал Мәриям анасымен саябаққа серуендеп, қыдырғысы келеді. Анасы қызынан кешірім сұрап бүгін шыға алмайтындығын айтады. Ал Мәриям еркелікке салынып анасына құлақ түргісі келмейді. Анасына қызының бұл қылығы ұнамай қызына шарт қояды. Үйде есікке ілініп тұрған әлемнің картасын кесіп, қызына береді.

 

- Егер осыны кешке дейін қалпына келтірсең мен сенің қалаған тілегіңді орындаймын,- дейді

 

Мәриям бірден келіседі. Анасы оның қалпына келтіре алмайтындығын бірден біледі. Ал Мәриям бұл тапсырманы не бәрі 10 минутта орындайды. Анасы таң қалып қалай жасағанын сұрайды. Сөйтсе әлгі картаның артында адамның бейнесі бар екен. Мен адамды қалпына келтіргенімде, әлем де қалпына келді деп жауап береді.

 

Қызының зеректігіне таң қалған Айша апай Мәриямның маңдайынан иіскеп, бірге серуендеуге шығады.

 

Осы болған оқиғаны айтып, Айша апай маған өзінің алғысын жаудырады. Мәриямға жақсы ұстаз бола білгеніңе рақмет деп жүрек жарды тілектерін білдіріп жатты. Тура осы оқиғадан бір апта өткен соң сүйікті шәкіртім мен оның анасы көлік апатынан көз жұмады. Ана үшін баласының өлімінен асқан қасірет жоқ деуші еді. Ұстаз үшін де шәкіртінің өлімінен асқан қасірет жоқ екен. Міне осылай, басталмай жатып өшкен, ұстаздық қызметтен көңілім қалды.

(с) Тасқынбай Маусымжан

 


Поделиться:      
Айнур
14.12.2020 22:08
Жақсы жазылғандүние екен
Айдын
04.09.2020 16:29
өте өкінішті ...
Полатбек Жанбаев
11.06.2020 16:27
Гәп жоқ екен
Ерке Қашағанова
17.04.2020 00:32
Шынайылық
Жасмин Озат
16.04.2020 13:24
Мәриямның зеректегі таңқалдырды. Өмір ерте есейтіп жіберген секілді
Аида Таскынбай
15.04.2020 02:27
Өте мағыналы оқиға екен
Маусымжан Тасқынбай
15.04.2020 00:54
Оқи отырыңыздар!
Оставить комментарий: