Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
КРИТИКА
Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

Блоги

17.01.2019
5257

Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

 


Мен –
Алтайдан
Ұшқан Ақсұңқар!
Тамыры Терең,
Тегі бар…
Жарасы сыздап,
Асқынған,
Тағдыры қиын
Елі бар!

 

Алтай жерінің киесі ерек. Мұзтаудың биік шыңдарына, кербұғының еркіндігіне, табиғаттың көркемдігіне сүйсініп өскен ақын-жазушылар дарыны дара, мәнері ерекше бағаланады. Соның бірі де бірегейі Оралхан Бөкей. Асылында, осындай керемет табиғат тартуын көріп, ауасын жұтып, топырағында асыр сала аунап өскен перзенттен көркем шығарма тумауы мүмкін бе? Иә, Оралхан Бөкей туған жерін көп жазды. Әрбір шығарма астарында тың ойлар мен түйіндер жататын. Және сол шығармалары оны сөз өнерінің биік белесінен көретті.

Алтай жерінен шыққан жазу өнерінің шоқ жұлдызы – Оралхан Бөкей десек, ақындықтың алтын тұғырын кім жалғар екен?
Бұл сұраққа өз тарапымнан Ақсұңқар Ақынбабақызын айтар едім. Моңголия жерінің Ұлан-Батыр қаласында дүниеге келген қандас әпкеміз бүгінде елімізге оралған жайы бар. Елім, жерім деп еміреніп келіп, әдебиет әлемін жырларымен сусындауда. «Сырым – Арман… Мұңым – зар… Жырым – тарлан,» деп жырлайтын Ақсұңқар Ақынбабақызын ерек атап, Алтайдан ұшқан ақындардардың бүгінгі жалғасы, биіктен көрінер шоқ жұлдызы деп атамау әбестік болса керек.Болмысы бөлек, жазу мәнері де өзгеше ақын өлеңдеріне өз тарапымнан ой толғау мен сараптау жүргіздім. «Мен» деген өлеңіне зер салып, шумақтарына өз ойларымды білдіргенді жөн көрдім. Қыз баласы болса да, өлеңдерінің рухы биік, иірімі ерек. Бұл сөзіме мына өлең жолдары дәлел болар…

 

Өлеңмен Рухтас
Өмірін,
Өмірмен тұтас
Өлеңін,
Таулармен тұстас
Өр Үнін,
Үкілеп шыққан –
Мен едім.

 

Осы бір ғана шумақта ұйқастың ерекше мағыналығы орын алған. Өзін «өр мінезді» деп бағалап метафораны әсерлі қолданған. Және өлең жолдарындағы ассонанс та көркем сөздің әуезділігін аттыруда. Бір шумақ, бар болмыс, тың ой, терең түсінік жатыр. Міне талант! Міне ақындық шеберлік!

 

Бұдан да өзге өлеңдерін мысалға келтірер болсам, расын айтқанда, таңқылыс пен таңданыс қатар туады. Сүйсініс пен сүйеніш сезімдері де жүректерініңізде орын алары даусыз дер едім.

 

Бабамның кеткен,
Жете алмай,
Жерұйық – мекен
Жерімсің!
Ғасырлар бойы
Өте алмай,
Аңсаумен жеткен
Елімсің!

 

Жырлайын:
Жылап, күліп мен,
Отымды Өрт қып
Маздатқын!
Біткенше білтем
Тірліктен,
Сенімен бірмін,
Әз халқым,
— деген шумақтарында троптың мынадай түрлері кездеседі: аллитерация, метафора әсірелеу. Өлеңдерінде көркемдік мән, терең түсінік алған.

 

Мен Ақсұңқар!
Құстың баласы –
Аққу да емен,
Қаз да емен…
Өмірге көңіл наласы:
«… Жыр түбін үңгіп қаз!
» — деген.

 

Асылында осы шумақ Ақсұңқар Ақынбабақызының шынайы таланты мен талабын нық танытып тұрғандай. Бір артық сөзсіз ұғуға болатын тармақтар мен теңеу түрі.

 

Ал өз өнері мен өмірі туралы жолдарға назар аударсақ. Бұл шумақта ақын тура да ауыспалы мағынада сөз қолданып, шыңдықты бүкпей тік айтуы қандай өжет тірлік дерсің…

 

Өлеңнің шоғын маздаттым,
Бұйырғай
Төрден нәсібім.
Қиылғн қыршын Боздақтың,
Төгілген
Нахақ Жасымын!..

 

…Халқымнан
Тағдырымды бөле алмаймын,
Сойқанның
Сойылына көне алмаймын!
Кеніме –
Өнеріме
Өліп-өшкен
Өлтіре алмас…
Өлгем жоқ!
Өле алмаймын!

 

Иә, әдебиетші мен мына өлең жолдарын талдап, саралауды жөн көрмедім. Себебі, сөздер сөйлейді. Мұндағы менің сөздерім артық болуы мүмкін. Тек менің бір ғана айтарым, Алтайдан ұшқан – Ақсұңқар атына сай өлеңдерімен оқырмандарын қуанта берсе деймін!

 

Ақсұңқар –
Аққу-қаз болған,
Қолдашы, Ақын қызыңды!
Қорғашы, Ақын қызыңды!
Ақсұңқар Ақынбабақызы


Поделиться:      
Оставить комментарий: