Блоги
Алтынсарин атындағы білім ордасының 100 жылдығына орайластырылған сұхбат
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академия президенті Ғани Бейсембаев Хабар арнасының 7 күн бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Академия өмірінің қалыптасу және даму тарихына тоқталып, қазіргі кезеңдегі білім беру саласын дамытуға бағытталған стратегиялық жоспары туралы баяндады. Алдағы жексенбіде 7 күн бағдарламасынан толығырақ танысуға болады
Биыл Ұлт ұстазы Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жыл, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасына 100 жыл және Еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл! Осынау тарихи мәнге ие мерейтойлар ел тарихындағы айрықша оқиға. Академия отандық ғылым жүйесін дамыту мақсатында ЖОО-мен бірлесе отырып, білім беру ісінің нәтижесін арттыра түсетін болады.
«Қай кезеңде болмасын білімнің сапалы болуы – Қазақстанның мызғымас мемлекет болып қалыптасуының кепілі. Академия жас ғалымдарды тәжірибеден өтуге дайындау, ғылыми-әдістемелік журналдар шығару, ғылыми негізде методологиялық кабинеттер ашу сынды көптеген бастамалар қолға алынуда. Бұл ғылымға деген үлкен бетбұрыс», – деді Ғани Бектайұлы. Білім Ордасының басшысы пандемия жағдайында қашықтан оқытуда көп мәселелер айқын болды. Сондай-ақ, оқыту форматындағы өзгерістер төңірегінде кеңінен әңгімеледі.
Толығырақ ертең жексенбі күні 7 күн бағдарламасына берген сұхбатынан толық көре аласыздар.