Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ЭССЕ
Анаңдай қамқор бол сен де.

Блоги

05.12.2017
5563

Анаңдай қамқор бол сен де.

Анаңдай қамқор бол сен де.

                                           Анаңдай қамқор бол сен де.

Біздің елде бір жігіт бар, ана ақысын өтей алмайтынын білсе де, шешеден даттап шалқитын.

Біздің елде бір жігіт бар, апатайлап,қол-аяғы өзі боп,отын жағар,суын тасып сол үйдің.

Әй, шешеден даттап шалқитыным,бері қарашы. Бір сәт құлақ түр. Сен, өзіңді әл-дәрмені жоқ,қорғансыз,бес жастағы қызбын деп елестетші. Алдыңда тоғыз ай сені көтеріп,төтенінен меһінат тартқан,жарық дүниені көруіңе себеп болған анаң ащы суға сылқия тойып алып,лашық суда үсті-басы малмандай су,бет-аузы құсыққа малшынып,батпақ-батпақ болып жатыр. Сен болса кішкентай ғана қызсың, сол жерден тайып тұруыңа да болады,саған кешірімді. Кеттің-ақ делік,бір-екі қадам жаса да,артыңа бұрылып бір сәт үңілші. Кетіп қалғаныңнан кейін сені мына біз кешірерміз, бірақ,арада жылдар өтіп есің кіргенде, сен өз-өзіңді кешіре алар ма едің?!

         Сен кетпе,есін білмей, жерде домалап жатқан анаңа бар. Сөйтте қолынан алып, анаңды сол батпақтан сантиметрлеп болсын шығаруға тырыс. Тек, тоқтап қалма! Сенің күшің жетпегенімен ессіз адамды түрткілегенде олай-бұлай қимылдап, әйтеуір бір қозғалады. Мейлі екі сағат,мейлі үш, бірақ сен шаршағаныңа қарама, әрекет ете бер. Анаңды шығарып ал да,соншалықты қиналғаныңа күйіне бір талдың түбіне отырып, қатты-қатты жылап ал,жылап болғаннан кейін тұр да,өзің саясында отырған талдан екі-үш жапырақ үзіп алып анаңның бет-аузындағы лайын сүрт. Жапырағың таусылып қалса тағы да әкеліп ал. Сүртіп болып су болған анаңның жатқан жерінде киімін сық, шаршасаң дем алып ал,қиналсаң отырып жыла. Тек анаңа бей-жәй қарама!

         Ал енді, осы анаңды ОТАНЫМ деп ойла!


Поделиться:      
Оставить комментарий: