Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Аққан жұлдыз

Блоги

27.05.2022
7476

Аққан жұлдыз

Жарқ етіп жаңа жұлдыз жарқырайды,
Жарығын қара түнек жаба алмайды.
Қос-қостан шуақ жұтып, сәулесінде
Жақсысы да, жаманы да жағалайды.

 

Жақсысы жақсылығын бағалайды.
Жаманы кетік іздеп алалайды.
Ақ-қара әр болмысқа бұйыртқан соң,
Бірін демеп, бірді жықпай тұра алмайды.

 

Барған сайын жалыны алаулайды,
Көргендер оттан көзін ала алмайды.
Қызғаныштан көлеңкеде көрсеқызар,
Жоламайды кері тартып көре алмайды.

 

Аяғында жұлдыз да тоқырайды,
Тас темір кезбе жұлдыз
жаралайды.
Соңғы деммен ғаламды жалт еткізіп,
Қуатынан айрылып зымырайды.

 

Тұрақтамай әр жерді аралайды,
Сене алмайды, айтқанға көне алмайды.
Ұялаған жібімей жүректе тас,
Көңілі қайтқан жерге оралмайды.


Поделиться:      
Оставить комментарий: