Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПРОЗА
Ақша өртеу

Блоги

02.04.2021
4584

Ақша өртеу

Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос.-Абай

 

Алпысты алқымдаған Ухандық Ваң текті бай қытай, ақшасын өртеді. Өмір бойы жинаған құнды қағазының өзін сақтап қалуға шамасы келмегеніне ренжіп өртеді. Өмірі сол ақша үшін босқа өткенін енді білді. Алданғанын сезді... Тірліктің мәнін кеш болсада біліп кетті...  Саяси тұтқын болған ұйғыр жігіттің анасы, баласының жиған ақшасын халықтың алдында өртеп жіберді. Ақша өзін қуғанды шексіз азапта салатынын түсінді. Атақты кино актёр Джек Чан бұл дерттің емін тапқанға миллион юан ақша берем деп, жар салды. Қазақтың жасамыс келіншегі жылан майы мен жұмыртқасын өкпе тұсқа жақса ем болады деп, актердің ақшасын дәметті. Тағы бір шомбал еркек қытайға баруға бел шешіп, 6 минут 59  тақылда жаман ауыруды жазамын дегенше болған жоқ, өз еліне аты жаман ауыру келді. Бұнда ешкімнің ақша берем дегенін естімегесін олар үнсіз қалды...

 

Әлемді жайлаған жаман дерт біздің елгеде келді. Елдік сынға түсті....

 

Бастабында Алматы мен Нұр-Сұлтан жабылды. Темір сауыт киініп, мұздай қаруланған жігіттер айтпай келетін үнсіз жауды екі қалаға кіргізбеуге және шығармауға қам жасады.... Тіркеуі жоқ, жалданбалы пәтердегі қара шаруа туған ауылдарына ағылды, тым-тырақай қашты, қашқан жоқ, қуды... Таксилер мен автобустар жол ақысын тез көтеріп, жығылғанды жұдырықтап жатты.... Адам емдейтін ақ халатылар аурғандарға, ақша санағандарына қызға қарап, ақша үшін жаппай ауырды. Қара алтынның бағасы күрт құлдрап, доллар аспанға ұшты, теңге сабанға айналды. Зат бағасы қымбаттады, онсызда обадан омырайып отырған халықтың омыртқасын опырды. Күзетте тұрған сақшыларды бір жігіт көлігімен таптап өтті. Қалаларды қайта ашты... Ауыру жоқ деп сенбей жүрген ел енді жаппай ауырды... ауырухана алмай шалқайды, көбі үйінде жатып өз бетінше дәрі ішті.

 

Көк қағазға құл болғандар орайды пайдаланып, топалаңда тоқаш ұрлады.... Азуын айға білеген Америка, Орыс, Германия састы....Италия, Франция, Бразалия өз шындығын ашты.... Қытай о бастан құлады.... бақа-шаян, жылан мен жарғанат жеп солар таратты...

 

Ел іші гу-гу әңгіме... Ғаламтордың іші тіптен уда-шу....Белгісіз бір атом бомбасы басында жасалып жатқандай, одан сайын жұрттың мазасы қашты.

 

Шығыстан шыққан қызыл от көк жүзін шарпып, жарылды, көз ұшында темір қанат көгершіндер өз еліне ауыруды алып келді.

 

Таң ата түс көрді Қанат.

 

-Әке, есік алдында қалың сиыр жатыр.

 

-Бұзаулары қайда?

 

-Жанында бос жүр.

 

- Түстегі сиыр- ауыру деп, күбірлей орнынан тұрды.

 

 

***

 

 

Омар(р.а) заманында шам қаласына оба таралды. Сол кезде олар Пайғамбарымыздың: «Егер бір қалада жаман ауыру таралып жатса, ол жерге бармаңдар. Ал сол жерде болсаңдар, еш қайда қашпаңдар» деген хадисіне амал етіп, ауырудың таралу аумағын кеңейтпеді. Қытайдың Уханынан ешкім қашпағанда, керісінше ондағы науқасқа барлық дүние жүзі қолдан келген көмегін жасағанда.... Өз елінің ондағы азаматтарының емделу қаражатын толығымен бергенде.... Әлемге бұл жаман кесел дәл бұлай тармайтын еді- ау....

 

Көмек бергені былай тұрсын кейбір пысықтар, бүлінгеннен бүлдіргі алып, 18 теңгеден сатылып тұрған масканы үстеме пайдамен науқас дендеген елге сатып, қалтасын қампитты. Мұсылман кеткен ақысына Алла алдында сауабыңды сұраса, мұсылман емес иманыңа жармасады дейді, Алла сақтасын.....

 

Үй көрмей, дүние қуып, еркегі де- әйелі де базар жағалап, ұл-қыздарын танымауға шақ қалған еді.... енді міне бәрі үйінде... өзідерімен өздері сөйлесіп, өздерін есепке тартуда....

 

 

 ***

 

 

Мұсылмандарды мырза қамаққа алған қытайларды Ұлы Алла ең алдымен мырза қамаққа алды. Бас киім мен хижапты шештірген олардың өздері енді хижап киіп, дәрет алуды жақсылап үйренді. Пайғамбарымыздың сүнеті тұзбен бастап тамақ жеуді, астың алды-артында қол жуыуды білді. Тұзды сумен ауыздарын әр тамақтың алдында шайып, қолдарын қайта-қайта сабындап жуа бастады. Ит тірліктен алыстады...Барлық адамның есіне өлім түсті. Тірліктің жалғандығын сезді...

 

 

***

 

 

Ел жұдырықтай жұмылды....Бай жігіттер Алла риза болсын, атқа мініп елді құтқаруға кірісті, қолындағы барымен бөлісті. Арық қыздар қолдан маска тігіп, тегін тарата бастады.... Аш студенттер жомарттардың ақшасына азық-түлік алып, қарттардың үйіне тегін жеткізді.... Теле жәшік тынбай ақпартты айтып, елді сабырға шақырды. Барлық оқушы, студент, жұмыскерлер қашықтан жұмыс істеуге көшті.... Құдды кезіндегі Абайдың абыз әкесі Құнанбай қажының ел дұғасымен қызылдан жазалғандай емделгендер жазылды.... Жұрттың бір шындықа көзі жетті....Қазақ өтіріке айрандай ұйып, шын сөзге сенбейді деген Абай сөзі тағы еске оралды. Кейбіреулер әлі елде ауыру жоқ деп сенбей даурығады...

 

Ажалдың жақын екенін ...Ішкі-сыртқы тазалықтың керек екенін.... Денсаулықтың қадірін...Өмірдің мәнін....Адамның әлсіздігін....Дүниенің жалғандығын.... Ақылдың қысқалғын.... Алланың хикметін барша жан сезді... Кешір Алла, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Отанымыз елге құт мекен болсын !!!  


Поделиться:      
Оставить комментарий: