Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Бақытқа мені баласаң

Блоги

24.09.2019
4567

Бақытқа мені баласаң

Бақытқа мені баласаң

Сөзіңіз -  жақұт, өзіңіз – асыл,           

Бақыт қой сізбен тілдескен.

Жүрекке сеніп,  сезімге көніп,

Сағынып қалай күй кешем.

Ансайды көңіл,ала бұлт  ой  бұл

Сезімді қалай жасырам?

Айта алмай сізге,бүгемін іште

Көруге бірақ  асығам.

Кездескен кезде нұр жауып жүзге

Шаттықтан басым айналар.

Мас болып көңіл құанғанменен

Арқанмен тілім байланар.

Тұсалып аяқ кете алмай жырақ

Кібіріктеп қалармын.

Іштегі күйді жасыра алмай

Үн қатып тұрар жанарым.

Сезімге көніп бере алмай ерік

Сабырды серік қылармын.

Аңсауды жеңіп, қиялды жегіп,

Арманға оймен барармын.

Қол бұлғап сағым тұрғандай жақын

Көрінер күле қарасаң

Ұсынып қолын ертерсін өзің

Бақытқа мені баласаң.

                                             27.10.2017ж.


Поделиться:      
Оставить комментарий: