Блоги
Все
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
КРИТИКА
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
МОЕ МНЕНИЕ
ГЕНЕАЛОГИЯ
ЗНАНИЕ
ИСКУССТВО
АУДИО
ПОСЛОВИЦЫ И ПОГОВОРКИ
ВИДЕО
ИСТОРИЯ
ШОУ-БИЗНЕС
ЛАЙФХАК
РОМАН
СТАТЬЯ
11.08.2023
4445
Бесқонақ
Ақ түтек боран, көрінбей жолың бес аттам,
Дала да, жер де ақ қарға қанды беспаттам.
Сәуірдің осы тосынсыйына таң қалдым,
Босанған кезде кешегі қыс күн қыспақтан.
Еркелетіп ед, қыс бойы аса тоңдырмай,
Бүгінде енді қаһарға салды оңдырмай.
Көңілге әбден көктем қонғанда ұялап
Оянды тағы алай дүлеймен өңді ұрлай.
Апырай, мына Құдайдың күні не дейді?
Шынымен шыбын жандарды тылсым билейді
Адамдар бәлкім иелік етер жаһанға
Табиғат бірақ, пенде ырқына көнбейді.
Боран да боран, шымшық дауылы бұрқасын.
Қаптайды қарға талғаусыз таудың қырқасын.
Қақпанға түскен бөрідей қырын білдіріп,
Шыңдауыл қаққан ұранын соңғы шырқасын.
Бесқонақ келген екен ғой.
Поделиться:
Оставить комментарий: