Блоги
Бибігүл Жексенбай: Норвегияда буллинг деген атымен жоқ
Белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Норвегиядан арнайы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қызметкерлерімен онлайн-сұхбатқа шықты. Ол Батыс педагогикасы формуласы қандай, Еуропа және қазақ менталитетінің өзара сабақтастығы мен қайшылылықтары турасында көсіле әңгімелесті.
Бибігүл ханымның сөзінше, Қазақстан мектептерінде әжептәуір мәселе болып отырған буллинг, Норвегияда деген атымен жоқ. Мұғалімдер мен оқушылар арасы болса, тым жақын секілді. Балаларға өз ата-анасынан гөрі мұғалім жақын саналатын деңгейде.
Ал, балабақшадағы балалардың көп уақыты сыртта өтеді екен. Сонымен қатар, балабақшадан бастап христиандық діни құндылылықтарға баса назар аударылады. Балалар балабақшадан тек су ғана ішеді. Тамағы үйінен әкелінуі тиіс.
Дамыған елдердің қатарына енетін Норвегияның білім беру жүйесі мен қоғамында тығыз байланыс бары байқалды.