Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
«БІР КІТАП КӨРМЕСІ»

Блоги

14.08.2017
8160

«БІР КІТАП КӨРМЕСІ»

«БІР КІТАП КӨРМЕСІ»

       Бүгін кітапханамызда М. Әуезовтің «Абай» романының жарық көргеніне 75 жыл толуына орай «Бір кітап көрмесі» өтті.

        Іс шараға ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Жабайхан Әбділдин, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мырзагелді Кемел, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, абайтанушы, доцент Омар Жәлелұлы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Бәкір Әбдіжәлелұлы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты. Кітап көрмесінің алғы сөзін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Ғылыми хатшысы – К.Н. Бурханов:

–     Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі қазақ үшін ұлы мереке құтты болсын! Бүгін Абайдың туған күні. Абай ұлылығы мәңгілік, қазіргі замандағыдай білім алым, магистратура, докторантура бітірген жоқ. Оның ұлылығы шығармаларының мәнді де, мағыналылығында. Қытай жұрты Конфуциді құрметтесе, қазақ халқы Абаймен қуаттанады.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі – Кежеғали Мыржықбай:

    Туған күні құтты болсын! Абай жерінде туып, Пукшкин елінде білім алғандықтан Абай рөлін сомдадым. Ақан серінінің рөлінде ойнадым. Ақаннан Абайға дейін,-деп,1993-1995 жылдар аралығында Республиканы аралай Абайды насихаттап шықтым.1995 жылы шет елдерді аралап, Гетенінің туындыларын Абайдың аудармасымен Германияда орындадым. Германия жұртты таң қалды. Сонымен қатар, Ресейдің 15 қаласында болдым. Пушкинмен Абайды насихаттап өттім. Абайдың 160 өлеңін таспаға жазып, Абай қорына қостым.

        Филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы – Тұрсын Жұртбай:      -  Армысыздар ағайындар! Бүгін қасиетті күн. Абай – дана, дүниедегі қозғалыстардың жұмбағын ойлап қарасақ әр ұлтта ерекше төңкерісті күндер болған. 1942 жылы шілде айында Бейсембаев Кенжебаев ауруханада жатқан Мұхтар Әуезовке бергенде, М. Әуезов жылапты «Мені, Абайды тірілттің»,-деп. Соғыс жылдарына қарамастан жарияланды. 1946 жылы қиын жағдай басталып кетті. Абай романының шығуы ХХ ғасыр биігі. Абай – дана, М. Әуезов – ұлы, Алаш руханиятының – шыңы.

     1942 жылы ең қиын әскери сынақ жылдары қазақ тілінде «Абай» романының бірінші кітабы жарық көрді. Кітапта оқырмандарға жас Абайдың «Абай» романы бейнесі, қазақ халқының сүйікті ақынының жеке тұлға ретінде қалыптасу процесі мен өткен ғасырлардағы қазақ даласындағы өмір сүру салты ашыла түскен. Сондай-ақ, қазақ халқының еркіндік сүйгіштігін, рухани өмірін және ұлттық мінезін сипаттайды. Көп ұзамай, орыс тіліне тәржімаланған «Абай» романы миллиондаған оқырмандардың жүрегінен жол тауып, 1948 жылы Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылған болатын. Ал Мұхтар Әуезов – революциядан кейінгі Абай Құнанбаевтың шығармалары мен биографияларын алғаш жинақтаушы, құрастырушы және редакторы.

     Көрмеде «Абай» романының алғаш шыққан кітабы (1942) мен әр жылы және әр тілде жарық көрген басылымдары қойылады. «Абай» романы қазіргі таңда ең көп оқылатын кітаптардың бірі және 116 тілге аударылған.

Кітап көрмесі «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты дөңгелек үстелмен жалғасты.


Поделиться:      
Оставить комментарий: