Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ГЕНЕАЛОГИЯ
Біз білетін Нұрпейіс ақын мен Нұрпейіс жырау

Блоги

08.04.2019
6163

Біз білетін Нұрпейіс ақын мен Нұрпейіс жырау

Біз білетін Нұрпейіс ақын мен Нұрпейіс жырау

Құрастырғандар: Ж.Саин, А.Өтеев.

НҰРПЕЙІС АҚЫН

  

Заманымыздағы кең парасатты, алысты болжай, жақынды толғай жырлайтын жүйрік шешен, қария жыраудың бірі Нұрпейіс Байғанин.

 

Нұрпейіс 1860 жылы бұрыңғы Орал губернасы, қазіргі Ақтобе облысы, Темір ауданында туып, өскен. Әкесі Байғана қара қасқа кедей болып, көп өмірін кісі есігінде жалшылықта өткізген. Әкенің, үй тұрмысының жоқшылығы салдары қас Нұрпейісті жастайынан, өмір тіршілік жайында көп ойландырып-толғандырып өсірді. Нұрпейіс бала күннен кіші жүздің әйгілі ақын, жырауларының сөздерін, ұзақ дастандарын тыңдайды.

   

Сонау Адай, Абыл, Қашақан, Кете-Кернияз, Әубәкір-Кердері, Алаша-Байтоқ, Марабай, Махамбет, Мұрат сияқты әйгілі жырлардың асыл сөздері саналы сезімді Нұрпейіске ең қызықты, ең тәтті нәрден саналды. Бәрінде қызығып тыңдайды. Көп уақыттар бойы Кердері Әубәкірмен жолдас болып сүріп, оның өткір мағыналы сөздерінен тәлім алады.

  

Нұрпейіс 17 жасқа келгенде өз жанынан суырып салып өлең шығаратын болады. Жасы жиырмаға жақындағанда Адайдан шыққан белгілі Ақтан дейтін ақынмен үлкен бір тойда қақысып алдына жан салмай жүрген өр көкірек есер ақынды өлтіре жеңеді. Ақтанды қолына қаршыға қылып қондырып жүрген байлар, болыстар Нұрпейіске құс көрсетпек болады, кейін өтірік арыз  жаламен жалындап тұрған жас таланты түрмеге жаптырады. Нұрпейіс бұған қажымайды.

  

Ол ел өміріндегі шындықты айтудан қаймықпайды мұнан кейін де Қазақбай, Нұрым сияқты талай ақындармен айтысып бәрін де бет қаратпай жеңеді.

  

Нұрпейіс елге аса қадірлі ақын болады. Оның қадірлі болуына ақындардың екі түрлі қасиеті бар.

    Бірі – Нұрпейіс айтысқан ақындарын асқан тапқыр шешендік пен жеңе біледі, жеңгенде жалпы лепірме айқаймен емес, салмақты, мағыналы сөзбен жеңеді.

     Екінші – Нұрпейіс қазақтың батырлар жырын айтушы жүйрік жырау.

  Ол Ақтобе, Орал, Сырдария, Торғай, Қарақалпақ, Қиуа, Түрікмен елдерін түгел аралап жүргенде көбінесе жырлап айтқандары ел қамын жеген Едіге батырдың жыры, Едігенің ұрпақтары Нұрадан, Орақ – Мамай, Қарасай –Қазы, Мұсахан, Қазтуған батырлардың жырлары; Қобыланды, Ертарғын, Қырымның қырық батыры, Құйбығұл батыр, Тама Есет батыр, Бекет батыр тағы басқа батырлар жырлары.

  

Кітап латын графикасымен жазылған және Қазақстан көркем әдебиет баспасынан – 1940 жылы жарық көрген.

109 беттен тұрады. Сондай-ақ ақынның 20 өлеңі енген.


Поделиться:      
Оставить комментарий: