Блоги
«ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР» - «УЧЕНЫЕ и ПИСЬМА»
Мұхтар Әуезов ел-аймақты аралап, дарынды балаларды оқуға жинайды. Сол кезде не бәрі жасы 14-тегі дарынды бала Зәкиді Алматыға алып кетіп, жоғары оқу орнына оқуға тапсыртқанда, мүдірместен түсіп кеткен балаға таң қалмаған жан болмаса керек. 19 жасында Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Журналистика факультетінде білім алған және «Абайдың эстетикалық көзқарасы» тақырыбында дипломдық жұмысын қорғап шығып, сол кісіліердің ақыл-кеңесімен Ленинградтың аспирантурасына оқуға аттанады. Шығыстану факульетінде білімін жалғасытырып, азулы түрколог – Сергей Ефимович Маловтың жетекшілігімен «Абай және Лермонтов» тақырыбында кандидаттық жұмысын қорғап шыққан да жасы не бәрі 22-де болған. 23 жасында ТМД арасында Өлең сөзінің теориясы мен құрлысын зерттеген жас ғалымды академик деп таныйды. Елге оралып Алматы қаласындағы Қыздар Педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі болған Зәки Ахметов ғылымның ұшар шыңына самғайды. Елімізде бізге беймәлім тұлғалар мен көптеген өлеңдерді дәлелдеп мектеп бағдарламалары мен ЖОО оқу жоспарына енгізеді. Әлем академиктері тікесінен тік тұра құрметтеуіне де үлкен себеп ғылымға деген сүйіспеншілігі еді.
Академик ғылым жолында СССР ҒА академиктері С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, СССР ҒА корреспондент мүшесі Г.И. Ломидзе, Н.Н. Тобуроков, З.С. Кедрина, А.А. Петросян және қазақ ғылымында өзіндік орны бар ғалым, тұлғалар А.Х. Марғұлан, С. Бәйішұлы, В.А. Куманов, М.Қ. Қозыбаев, сынды көптеген ғалымдармен пікірлесе, ой бөлісе отырып жазған хаттары мен зерттеу еңбектерінің өзі осы бір шексіз, шетсіз ғылым жолының айғағы. Күні кеше ғана оқырманға жол тартқан ҒАЛЫМДАР және ХАТТАР», «УЧЕНЫЕ и ПИСЬМА» атты атты эпистолярлық жанрда жинақталып, жазылған кітабынан көптеген дүниеге қанық болуға болады.
Бұл кітаптың да жарыққа шығуына үлкен қолдау көрсеткен жоба жеткешісі: ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваға және Ғылыми кеңесшісі: Әдебиеттану, фольклоршы ғалым, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі – Сейіт Асқарұлы Қасқабасовқа алғысым шексіз!
Ұлы данасы бар елдің ұрпағының осал болуға хақы жоқ.
Ұлылармызды ұлықтай білейік.
Зәки Ахметұлы ғылымда мәңгі жасай бермек.