Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
МОЕ МНЕНИЕ
Гүл мен Бозторғай

Блоги

09.10.2019
5416

Гүл мен Бозторғай

Гүл мен Бозторғай

Ол ешкімге ұқсамайтын, әдемілік, ақылдылық, көркем мінезділік бір адамның бойында қалайша болуы мүмкін. Ол қаншалықты әдемі болса да ешкім оның жанына жақындай алмайтын, онымен сәлемдесудің өзі бір ғажайып дүние болып көрінетін. Ешкім оны ұстауға дәті бармайтын, тек жаныңнан өткенде ғана оның пәк жұпарын ғана иіскеуге мүмкіндік туатын. Ол құдды әлемдегі жалғыз қалған бір  гүлдің сорты секілді еді. Оны жұлу мүмкін емес, себебі оны жан-жағынан қоршап тастаған. Ол жалғыз өзі ұзақ уақыт бойы тордың ішінде қамалған гүл секілді. Ол өте бақытты, әдемі, ерекше, күнге қарап жайқалған гүл бірақ  оның  неге торда қамалғанын ешкім түсінбейтін. Бәрі тек мойынын бұрып қарап кететін. Оны тіпті ұрлап жұлуға да қорқатын, бәрі бал-арасы  секілді оның балының дәмін татқысы келеді дегенмен оны қоршаған тор оны қорғайтын немесе қинайтын. Жауабы ешкімге де  белгісіз. 

 

Шын мәнінде бәрі қалай болды, онда ары қарай оқыңыз…

 

Көктемнің шуақты күнінде, наурыз таяған шақта әлемдгі ең әдемі гүл өзінің таңғажайып гүлін ашты. Бұл гүлді бірінші болып бозторғай байқады. Мыңдаған алшақтықтан ұшып келіп гүлмен алғашқысы болып сәлемдесті. Жас гүл бозторғайды бірден ұнатты, оның қанаттарына қызықты. Бозторғай да  таң атқаннан, күн батқанға дейін гүлдің қасында болды. Оны жабайы шөптен де,  шыбын-шіркейден де қызғыштай қорғады, гүл ұйқыға кеткенде ғана ол дем алатын. Бозторғай гүлге ес-түссіз ғашық болатын, гүлдің қайталанбас иісі мен көркі, мінезінің жұмсақтығы бәрі-бәрі бозторғайды басынан айналдыратын. Оның әдемілігі көп тіршілікті қызықтырды, алайда гүл, тіпті, жел соқса, желден қорғайтын бозторғайдан басқа мейірімді жанды көрмеді. Олар қоңыр күзге дейін бір-бірінмен күнін өткізетін. Күздің қоңыр салқыны келгенде гүл өзін жер қойнауына тығатын. Ал бозторғай жапырақсыз қалған ағаштарда күнелтетін, күн суытса жылы жаққа ұшатын.  Екеуі де көктемнің ерте келгенін асыға күтетін. Көктем келеді, бозторғай гүліне келеді, көктем, жаз, күзге дейін ең керемет уақыттарын бірге өткізетін. Бәрі бозторғайдан гүлді қызғанатын. Сасық шыбындар тіпті гүлдің жаны түгілі, иісін аластан иіскей де  алмайтын. Бәрі бозторғайдан қорқатын. Ал гүл әлемдегі ең бақытты өсімдік сезінетін, расында ол бақытты еді ғой. Келесі көктемде кездесеміз деп бозторғай мен гүл  жаңбырлы күнде қоштасты. Гүл жапырақтары жабылып, сұлу бейнесі қурай кетті. Бозторғай жаңбырдың астында, бір бұтада отырып гүлін сағынды, жаздыгүні гүлге  сайрайтын сазын тоқтаусыз сайрады. Бозторғай жалғыздықтан жалықты. Ешкімді күзетпейді, ешкімнің батыры емес, ешкім бозторғаймен мақтанбайтын. Бозторғай сағыныштан сарғаятын. Шамасы бұл үшінші жыл. Көктемді күтеміз.

 

Наурыз жақындаған тұс. Гүл бұл жылы бұрынғыдан да керемет болып ашылды. Ол бозторғайын көруге асықты, күтті. Күн батты, таң атты, бозторғай келмеді. Гүл өзінің панасыз қалғанын ұқты, ара да, көбелек те гүлді айналшықтай бастады. Гүлдің көбейгісі де келмеді, ол жалғыздықты жақсы көрді, оның бозторғайы бар емес пе, гүл үмітін үзбеді. Осылайша гүл өзін көзге көрінбес тормен қоршады. Оған ешкім жақындамады. Әдемі болып тұра берді. Гүлдің жан дүниесін ешкім кешпеді, түсінбеді. Тордың не үшін тұрғаны дa түсінікті болған шығар енді, ал бозторғай қайда?

 

Гүлмен соңғы қоштасқан жылы, қыс қатты болды. Бозторғай жылы жаққа, алысқа кетуге мәжбүр еді. Бозторғай жаңа бозторғалар тобын тапты, ортасы өзгерді, өсті. Бозторғай оның гүлге деген махаббатың шексіз екенін естен шығармады, алайда гүлмен, өзге дос құстары секілді жанұя құралмайтынын түсінді. Бозторғайға расында жерден гөрі, ұшу ұнады. Жерді жақсы көруге себепші гүл болса да, құстың болмысы ұшу емес пе? 

 

Осылайша бозторғай өзі секілді ұшатын өмірлік дос тапты, балапандары пайда болды. Ол гүлді қатты сағынды бірақ гүлге барса, одан айырылғысы келмейтінін білгендіктен бармады. Ол дәрменсіз ғажайып гүлді қайтадан қорғап, оны бәрінен аралашалап, тастап кетуге жаны ашитын. Бозторғай ол сәтке оралғысы келмеді. Бірақ балапандарына әлемде бір ғана таңғажайып гүл бар екенін айтып, гүлді толыққанды сипаттап беруден жалықпайтын, осылай сағынышын басатын.

 

Қалай ойлайсыздар, гүл ары қарай қалай өмір сүрді екен?

 

 

***

 

 

Гүл аспанды сүйді. Аспаннан ары-бері өткен құстарды бақылаумен көктемі де, жазы да өтті. Ол жалғыздықтың күйін кеше берді және оның қашан тоқтайтынын білмеді. Өзінің дара болып жаратылуы бостан-бос емес , өмір бақи дара болып қаламын деген ойды жадына сіңірді. Күннен күнге гүлдің ажары әрсіздене бастады. Күздің ортасы, құстар жылы жаққа кетті, бозторғайдың қанаты көкте қақпады. Гүл әдеттігіден кеш қурады, бұған үміттің үзілмегендігі себеп болған шығар. Ешбір тіршілік сол күйі гүлмен бозторғай секілді тілдесе алмады.

 

Қаһарлы қыс кетіп, көктем келді. Ал гүл болса наурыздың соңы келсе де шыға қоймады,алайда оны сағынған тіршілік иесі де болмаған сияқты. Тағдырдың заңдылығы болса керек, гүл тамырынан жарып шықты. Желдетті, жаңбыр жауды, гүл ақырындап қып-қызыл гүлімен жайқалып ашылды. Көктемнің ортасы, сол бұрынғы орын, бұрынғы өмір, гүл осындай оймен ұйықсынан оянды. Өмір осылайша өзгерерін қайдан білсін, гүл оянған да ол жалғыз емес еді. Оның жанында дәл өзіне ұқсаған керемет гүл тұрды, айырмашылығы жапырақтары мен сабағы жуан екен, ол нәзіктік емес, күштің символы секілді тұрды. Қалай жалғастырсам да ары қарай не болатынын сіздер де сезіп отырған шығарсыздар.

 

Тек бозторғай не істеді екен деген ой мені мазалады. Арада 5 жыл өткен соң, бозторғай өзінің сүйікті мекеніне оралды. Бұл да заңдылық болса керек. Ол аспаннан жердергі 100 шақырым жерді алып жатқан қып-қызыл бірінен бірі сұлу гүлдерді көрді. Бозторғай өз көзіне өзі сенбеді, ол өзінің бұрынғы жалғыз гүлін таба алмады. Ол өзінің гүлі қайсысы болса да, олардың барлығының бақытты, сұлу өмірлерін көріп ішінен қатты қуанды. Ол жалғыз, панасыз гүлді көрмегеніне қатты қуанды. 

 

Ал гүлге келсек, гүл бозторғайды бірден таныды, оның келетінін ол білді, жаны жай тапты, бірақ ол өзін мыңдаған жанұясынан еректеліп көрінгісі келмеді. Ол өз өмірінмен бақытты еді және ол бақытты бозторғайдан да көрді. Ол екеуінің арасындағы көзге көрінбейтін байланысты тыныштықта сақтады. Екі жүрек бірге соғу деген осы шығар, бірге болмаса да бір-бірінің бақытты болуы оларға қанағаттаналарлық күйді әкелді.

 

Мұнымен айтқым бұл әңгімеден келетіні не? Өмірде бір-біріне жан дүниелері ұқсас жандар аз кездеспейді. Бірақ, көп бөлігі өмірлерінің соңғы деміне дейін бірге бола алмай жатады. Себебі, түсініңіздер, ондай жандарды Құдай, қызғалтақ пен бозторғай секілді жаратқан. Жер екіге бөлініп түссе де олар бір-біріне арналмаған. Сонымен қыздар бәріміздің өзімізге ұқсаған тіршілік иеміз бар, оларды алыстан іздемеңіздер, олар сіздердің жаныңызда, мүмкін ертен, мүмкін бүгін жаныңызға өзі- ақ кеп қалар!

 

Соңына дейін оқысаңыз, сізге арнайы ризашылығымды білдіремін!
 


Поделиться:      
Шығарманың иесінің аты кім?
09.11.2019 22:47
Жақсы жазылған екен. тек автор неге атын жазбайды?
Оставить комментарий: