Блоги
Я (Мен)
МЕН
(стих Б.Карагызулы
перевод Дидо)
...Ол қайтыс болды. Бірақ, өлген жоқ.
Р.S.
Құран самалы Құбыладан есіп тұр...
Оны тек
соқырлар көріп,
мылқаулар оқып,
кереңдер ғана естіген,
шығып алып өсегінен бес күннің.
Есін алмай ешкімнің.
Ақиқаты – Ол, Ол емес – адасқақ.
Ол – Жан мен Тәннің сүйісінен
жалығып,
Сөзге айналған махаббаты
Біреудің???
Сол Біреуге ғашық еді өлердей,
ұмытты.
Ұмытты ма, жоқ, әлде уақыттан тыс
жерде,
Өз хаятын өзгеше бір кітаптан
өзі оқып,
өкінішінде уатылып отыр ма?!
........................................................
Гүл көзінен домалаған тамшыдан;
Көктемдегі жас қайыңның
жапырағындағы күлкіден;
Маусымдағы көк шөптің
былдыр-былдыр үнінен;
Күрең күзде билеген жапырақтың
әнінен;
Өксігінен мұхиттың;
Уілінен ғарыштың,
Өткен шағы мен келер шағы
қосылып,
Жылайды да күледі,
Күледі де жылайды.
Көз жасында – бұ дүнияның
қуаныштары күлімдеп,
Күлкісінде – о дүнияның
қорқыныштары дірілдеп тұрғандай...
Қызық өзі.
Не жетпейді?
Кімді іздейді?
Қайтеді?
Сосын тағы сағынады Біреуді?
Мүмкін Оның сағынышы өтірік..,
өтірік.., өтірік...
Ол кейде ойларынан қашып шығып,
бурыл қабақ таң туғанда шығыстан,
Жер бүйірін
Күн сүйгенде елжіреп,
не
Жел ысқырса қызыл кештің өтінде,
не
Қап-қара Түн күрсінгенде солқ етіп,
Сыйынады тағы Соған,
Бәлкім,
Оның құлшылығы жаттанды?!
Бісмилла...
Өмір мәнін түсініп,
Ұмытқанын түсірсе егер есіне,
Содан соң, Ол,
Өлімді Өлең қылып үнсіз ғана оқыса,
Періштелер аспан жақтан түсіп кеп,
Сүйер еді ернінен..,
Әтте-е-ең!!!
(2009 жыл)
Я
Он ушел. Но не умер.
Р.S.
Доносящую ветром молитву
из Мекки
слышат глухие
видят слепые
расскажут немые..
Безмолвием
всходят плоды
в Священную пятницу.
Это не заблуждение,
а истина,
когда плоть с душой
тоскуют по божественной
любви,
испытанные в единении.
Забыты ли потерянные чувства,
ставшие просто словами
в упоении раскаяния
и чтении суры?
Веселая листва
березы молодой весной,
и лепет трав зеленых летом,
танцующие листья под
осенний блюз,
все одномоментно развернулось
в пространстве
всхлип океана
соединил все прошлое
с моментом настоящим
и смех,
и горе,
и печаль.
и радость
все в одно..
С прекрасных глаз
слеза скатилась..
Когда пристало горевать –
весь мир ликует,
а в бренности
не радуясь и дню –
дрожат от страха.
Так почему?
Зачем искать
и вновь скучать?
Быть может эти
чувства ложны?
Заполнены
иллюзией все мысли
и прочь бежишь от них,
на край земли,
туда,
где обрамлен дугой седой
рассвет
с востока,
где
поцелованное место
солнцем,
где,
ветер завывает
на закате дня,
и вздрагивая Ночь вздыхает..
..расчувствовавшись
молишься
заученным..
О, Всемилостивый!..
Если б
песней молчаливой
вспомнить
все забытое,
что после смерти –
Он,
и в нем
есть смысл
жизни,
то ангелы с небес
спустились бы,
поцеловав в уста..
как жаль..