Блоги
Кітапханалар арасындағы ынтымақтас туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Индонезия Ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға Индонезияның Қазақстандағы елшісі Рахмат Прамоно, Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілері Данияр Сәрекенов және Қайрат Малаев, Индонезия Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен Қазақстан және Индонезия ұлттық кітапханаларының директорлары қатысты.
Ұлттық кітапханалар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның басты мақсаты - екіжақты өзара қарым-қатынасты, кәсіби және достық байланыстарды нығайту, - деді Индонезияның Қазақстандағы елшісі Рахмат Прамоно.
Кітапхана әрбір адамның дамуына септігін тигізетіні анық. Ол әртүрлі көзқарастары бар дамуға ұмтылған бағыттас елдер үшін маңызды. Екі елдің арасындағы келісім үлкен нәтиже беретініне сенімім мол. Қазақстан және Индонезия өз кітапханалары арқылы білім және мәдениет саласында бір-бірімен мол тәжірбие алмасып, саналы ұрпақ қалыптастыруға жол ашады. Бұл білімнің күшеюі мен қатар ғылыми бағытта жаңа мүмкіндіктер әкеліп, жаңашыл мінез қалыптастырады. Сонымен қатар екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтады, - деді ол.
Сөз соңында, меморандум Қазақстан және Индонезия үшін алдағы уақытта бір-бірімен тәжірбие алмасу жолында үлкен нәтижеге жетелейтінін айтты.
Пандемия уақытында бәріңізге саулық тілеймін. Бүгінгі ауқымды шарамыздың мәні ол әрине тәжірибе жинау арқылы дамуға жету. Біз үшін Қазақстанмен меморандумдық келісімге келу үлкен құрмет. Екі елдің академиялық кітапханаларының келісімге келуі үлкен нәтиже алып келетініне сенемін, - деді.