Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Күз әуендері

Блоги

10.10.2019
4637

Күз әуендері

 

Жаз өтті ғой асыл дос білесің бе?!
Жылы күндер түседі жиі есіме.
Алматының ымырты, түні де ұзақ
 Мұңға малып қамайтын түрмесіне.

 

Шықылдаған сағатқа бар ма шараң
Ырқына оның жоқ екен көнбес адам.
Екі іс қылсаң біреуін ертеңге сап
Тірлігіңді талғаумен қам жасаған.

 

Жаз өткенмен қыс қайда күз келмесе
Сұрғылт аспан сазарып сыз бермесе.
Жер бетіне бір соғар Мезгіл ғұрлы
Достар да жоқ сағынар бір көрмесе.

 

Білдіре алмай құс құрлы қимас сырын
Бұлғақтаған басыңда тұрмас күнің.
Дүниені достықтан артық санап  
Шіркін достар жасап жүр құрдастығын.

 

Жаз өтті ғой күз желі тоңдырады
Басталады күз әні, жаңбыр әні.
Қыс келеді дегенге сенбей жүрмін
Қайта жаз боп кетердей соңғы жағы.
                                                

18.10.2016
                         

 

***

 


Жап- жасыл жапырақтар!
Жасымапсың күз келіп жатса-дағы
Қар жауып, үстіңе мұз қатса-дағы.
Жадау бұлттан жалт еткен күнге еріп
Қатқан мұздар жас болып ақса-дағы.

 

Жапырақтар, жап-жасыл ғұмырлар-ай
Баялмаған сар түске түрің қалай.
Жел тербесе саудырап төгілуші ең
Жерді құшып жатушы ең бұрында оңай.

 

Бұталарға қураған желек байлап
Жайнаң қағып тұрушы ең желмен ойнап.
Күн арайы шығыстан төгілгенде
Қуанатын көркіңе бұлбұл сайрап.

 

Енді соның бәрі де түс сияқты
Білінбейтін күндермен жылжып ақты.
Әлде сен де мәңгілік ғұмыр сұрап
Өмір тапқың келді ме бір тұрақты.

 

Жерге терең жіберіп тамырларын
Үсігенін білдірмей ауырғанын.
Жібермей тұр бұтақтар өздеріңді
Жасыл түске ұнатып малынғанын.

 

Жапырақтар жап-жасыл ғұмырлар-ай
Баялмаған сар түске түрің қалай.
Жел тербесе саудырап төгілуші ең
Жерді құшып жатушы ең бұрында оңай.
                                            

19.10.2016.


Поделиться:      
Оставить комментарий: