Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПРОЗА
Махаббат нүктесі

Блоги

06.11.2020
4690

Махаббат нүктесі

(лирикалық проза)
 
2011 жылы Алтын белгіні ақтамасам да, ойламаған жерден Шабытқа түстім. Сый болды! Мына архив суреттерде екінші курсқа жаңа көшкенмін, жаңа жылдың алды. Қазір ол Риза жоқ...
 
 
Бүгін сол Шабытта кинотанушы мамандығында оқыған азамат хабарласты. Сізді бір көргеннен ұнатып қалдым. Көздеріңіз тұңғиық. Танысуға бола ма? дейді әзілдеп, мен ішімнен маған батылы жетіп хабарласып тұрған қайсы деп қоямын. Ол университет кезінде де қайсар, тәуекелшіл, мінезді еді. Сен қарамай қойдың ғой! Анау бір данышпан досыңның қасынан шықпайтынсың. Ол саған ғашық еді ғой дейді. 
 
 
Бірінші қыркүйек күні алғаш Шабытқа келіп, кітапхана жаққа өтіп бара жатыр ем, бір жас жігіт бұрылып тұрып қарады да, қайта орнына барса да,  көз алмай салмақпен ұзақ қарап отырды. Бергі жағында группаласыммен сөйлесіп қалғанмын. Мен мүлде мән бермедім, қазір ғой еске түсіп жатыр көп детальдер... Бұл - бүгін хабарласқан жігіт.
 
 
Бұның өзі әуелден қасыма келіп Жүрегің темірден бе, қоладан ба? деп өлең арнап жүретін.Не айтып тұрсың?! деп салқынқандылықпен бірден бұрылып кететінмін, ылғи ұялтып тастайтынмын. Бұл - балаңдықтың, білмегендіктің, тәккаппарлықтың салдары. Ол уақытта мен қайда, сезім қайда? Махаббат деген түсінікке өзім іздеп тек 26 жасымда келдім.
 
 
 Бәсе маған әлгі данышпан досым Белла Ахмадулина деп қоймайтын. Анасына Мама,  сен оны көрген жоқсың ғой, періште секілді! депті. Хореографияда оқитын Шолпан есімді қыз Риза қандай қыз? деп сұраса Риза - құпия әлем, құбылыс! депті сол группаласым.
 
 
Иә, ол уақыттарда Жүзіңіз жарық екен!, Жүзіңіз жылы екен, Жүзіңіз нұрлы екен, Сіз инопланетянкасыз ба? деп екінің бірі қақсай беретін. Сол албырт кездің өзінде әдемі сөздерге салқынқанды едім. 
 
 
Тіпті билеп жүрген жерімде қазақ жігіттері Сіз мұндай жерде не істеп жүрсіз? Үйіңізге қайтыңыз! Бұл сіз жүретін жер емес. дейтін. Ешкімім болмаса да, солай кесіп сөйлейтін. Биде тұрған не бар? Биге өнер ретінде қараймын, ал бұлар әдепсіздік көреді! деп жаман ашуланып қалатынмын. Әдетте жалғыз билегенді ұнатамын, сол кезде бірақ сұр футболка киген жігіт менімен билей бастаған бағанағы ағам сияқты сөйлеген жігіт басын шайқап қасымнан өтіп бара жатып, құлағыма бірдеңе деп кетті...
 
 
Әдемілікке ессіз құштар қыз бала ретінде үлбіреп тұрған сол шақтарда албырттықтың буымен  масаттанып жүріп көп дүниені көрмей я көргіміз келмей өтіп кете барыппыз... Біз енді бәрін сезіммен өлшемейміз. Тек жүректегі махаббат нүктесін аша көр деп тіледік.  

Поделиться:      
Ержан
02.11.2020 23:54
Құлағыңызға не деп кетті екен...
Оставить комментарий: