Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ПОЭЗИЯ
Мехреддин Өтегенов. Сендіріп өлем біреуді

Блоги

08.05.2019
7721

Мехреддин Өтегенов. Сендіріп өлем біреуді

Мехреддин Өтегенов. Сендіріп өлем біреуді

Соңғы...

Гүлі солды...

Жүрегі мәңгілікке жүріс алды,

Соңғы демін шығарып кеудедегі,

Соңғы рет тыныс алды.

Көктем кетті...

Көктемдетіп ақ жауын төкпелдепті.

Соңғысында өз-өзін іздеп тауып,

Соңғысында адасып кеткен бопты.

Бағы кетті...

Бақ артынан еңірек зары жетті.

Соңғы жұлдыз сән беріп тұрған еді,

Соңғы жұлдыз төбеден ағып өтті.

Жара қалды...

Жәудірген жаралы бала қалды.

Соңғы рет жүрегі қақтыдағы.

Соңғы сөзін айта алмай ана қалды.

Жары қалды,

 Бар менен жоқты кешер,

Қоштасудың жасындай төкті нөсер.

Көк аспанға телміріп біраз адам,

Жалған – ай соңғы сөзсіз,кетті,-десер...

 

 

 

***

 

 

 

Қаратаудың басынан көш келеді...

Халық әні.

Қара халық осылай қамығады,

Қарт Қаратау кешегін есіне алса,

Ауыр-ауыр қара бұлт жамылады.

 

Шаттанар ма,  шыңдардың, шіркін, өңі ?

Төбесінде аспанның күркіреуі.

Қара боран соққанда Қаратаудан,

Қара тал жапандағы сілкінеді.

 

Қара жол тарылады,

...Көріспеймін.

Қара дөңді табандап тегістеймін.

Қара бояу далаға сіңіп кеткен,

Тағдыры алай-дүлей Теріскейдің.

 

Көне шаһар күл болған,  төбе болған,

Қасына Қаратаудың неге қонған,

Қарабура әмбие,  әулиенің,

Бурасы бұ далаға шөге қалған.

 

Етегінен еңіреп ағады жыл,

Шіркін, дала оқиды қаралы жыр.

Дүлей-дүлей жел соғып  долданады,

Далбасалап күн кешкен дала ғұмыр.

 

Өзіме-өзім айтамын далам жайлы,

... Қаратаудан күн күліп шығар әлі.

Қаратаудың шың басын қар алмайды,

Қаралы мұң алады.

 

 

 

***

 

 

 

Көп ойлаймын.

Неге ойлаймын сен осы?

Көп ойласам көрінердей елесің.

Көз алдымды жарық еткен күнім-ай,

Күні жетсе сенде бір күн сөнесің.

 

Мен ойлаймын,

Сені ойлаймын неге осы? 

Ойым сені биігіне бөлесін.

Жүрегімнен жұлынбаған гүлім-ау ,

Жазың өтсе сенде бір  күн семесің.

 

Сені ойлаймын.

Неге ойлаймын мен осы?

Кешке жақын неге ойыма келесің?

Жан үстінде жымыңдаған жұлдызым,

Күн ақыры жан басына төнесің.

 

Ойымды да,  сырымды да ұғарсың,

Бәрін-бәрін іштей ұғып тынарсың.

Кейкештерде жұлдыз қарап,  ай қарап,

Сенде кейде мені ойлайтын шығарсың.

 

Түсінбеймін неге ойлайды екенмін.

Менің мұңым саған салса бөтен мұң.

Кетіп қалшы көріспеске ант етіп,

Күні жетсе ұмытып-ақ кетермін.

Неге ойлаймын сені осы?

 

 

 

***

 

 

 

Құпиясын көктемнің жаз ұрлаған,

Шешімі табылмаған.

Кітаптарда ол жайлы жазылмаған,

Бейнесі салынбаған.

Ол жайлы өлең мүлде оқылмаған.

Ешқашан жырланбаған.

Оны ешкім кездесуге шақырмаған,

Сыртынан ұрланбаған.

Жанарына ешкімнің ілінбеген,

Түспеген көз мыңдаған.

Ақ ары кірлемеген, бүлінбеген.

Ешкім де сөз қылмаған.

Ешкім әлі есімін атамаған.

Тіпті оның анасы да.

Ешкім құда түспеген,

Ата-аналар айттырып баласына.

Ешкім оған қолымен хат бермеген,

Ол жайлы ойламаған.

Ешкім оны өзіне бақ көрмеген.

Бағына байламаған.

Ешкім оның қолынан ұстамаған,

Ләйлісі бір көргеннің.

Менің ғана жүрегім құштар оған,

Ғашық боп үлгергенмін.

Ол шынында, ғаламға жұмбақ ару,

Ешқайда тығылмаған.

Еш жерде, ешқашанда,

Жолықпаған жалғызым бұрын маған.

Себебі:

Туылмаған.

 

 

***

 

 

Сен маған сенбе,  сеніміңе дақ салма.

Сене де көрме   қиылып бара жатсамда.

Серттесіп тұрып,  сертіме кеткем су құйып,

Аманат болған адамдығым- ай ақсауда.

Мен бүгін басқа,

Сен маған сенбе бауырым,

Үмітте артпа келмесең егер налығың.

Дуана сынды даланы кезіп кетсем ғой,

Жалғанда мынау нені істеп,  неге жарыдым.

   Ант ішіп қайтем,

Антыма берік емеспін.

Ақ ішіп кейде артынан қусам елестің.

Жалғыз да жалғыз қауға басыма ес кірер,

Жуытпасыншы маңына мүлдем мені ешкім.

Сен мүлде сенбе...

Жүректе құрғыр мың өлді.

Білемін бүгін Тәңірден ғана тілеуді.

Ең адал достай,  ант ішіп тұрып көрде тұр,

Соңында ғана

Сендіріп өлем  біреуді.

 

 

***

 

 

Бір гүлім болған еді,

Жұпарына бөлейтін олда мені.

Күлтесін күн сүйетін шұғылалы,

Сұлулыққа енетін сонда әдемі .

 

Таңсәрі күтер еді күнді, мені,

Тоңды ма , торықты ма?

Түн біледі.

Саусағым тиіп кетсе сабағына.

Құлпырып түрленетін  гүлдің өңі.

 

Қараушы едім көзімнен таса қылмай,

Біреу келіп табандап басатындай.

Күз келгенде  ұмыттым гүлді, бәрін.

Алдымдағы көктемді тоса тұрмай.

 

Күз келгенде қараусыз қалып кеткен,

Мен бармадым...

Күн қайда   жарық  төккен?

Сонда біреу сүйгенін қуантам деп,

Алып кеткен...

 

Қарамадым...

Күтпеді жаман ақын.

Семеді гүл, мезгілсіз солады ақыр.

Әлдекімнің қолынан ұсынылып,

Әлдекімге силық боп бара жатыр.


Поделиться:      
Әлия
01.06.2021 00:57
Керемет
Даурен
19.03.2021 02:30
Қаламыңыз мұқалмасын
Жақсылық
12.07.2019 00:00
Мехриддин досым,қаламың мұқалмасын!
Гулбану
09.05.2019 09:06
Өте керемет балам, талабың таудай болсын!
Ихтияр
08.05.2019 21:21
Күшті екен
Ғалымжан
08.05.2019 17:51
Өлеңдерің жаман емес, жетілдіре беруіңе тілектеспін! Сөз қорыңды көбейт! Ол үшін әрине әдеби кітаптарды көп оқы.(ескі әдебеттерді) Грамматикалық қателер көбірек. Оған көп көңіл бөл! Оқырмандарың көп болсын!
Тоқтан
08.05.2019 16:19
Бәрекелді
......
08.05.2019 15:52
Keremet
Оставить комментарий: