Блоги
ОЙ ӨРНЕГІ
ОЙ ӨРНЕГІ
ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ
2010 – 2015 жылдар
ЕЛТҮРІК
Астана 2017
МАЗМҰНЫ
СЕЗІМ БІЛДІРУ
ПӘКІСТАН ЖАЙЛЫ. АЗАТТЫҚ ТАҢЫ
АҚЫЛЫНА АҚЫЛ ҚОС, БІЛІМ ҚҰШ АП
ЖИЫРМА ЖЕТІ ЖАСЫМ
МАҚСАТҚА ЖЕТУ
ДҮНИЕ
МАРГИНАЛ
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
АҚИҚАТТЫҢ ШЫҢ ӨЗІ
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
ДҮНИЕ САҒАН ДОС, САҒАН ДҰШПАН
ӨМІР ДЕГЕН....
АЛАУЫЗДЫҚ АЛТЫ АУЫЗ
АҒАЙЫН
ОЙЛАМАҢЫЗ, АҚЫНДЫҚ ҚАЙДАН КЕЛДІ
ИНТЕРВЬЮ
МҰСЫЛМАН КЕЙПІ
ҚАНАҒАТ
ТІЛЕК
АНА ТУРАЛЫ ОЙ
ҒИБАДАТТЫ ТӘРК ЕТПЕ
ӨМІР ДЕГЕН МӘҢГІ ЕМЕС
ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛІМ БАР, КЕҢ БАЙТАҚТЫ
ӘКІМДЕР ЖАЙЫНДА
ӘЙЕЛ ЗАТЫ ӘРҚАШАНДА ДОС САҒАН
ДОС ПЕН ҚАС
ҚАЙҚЫ ҚЫЛЫШ
БИЛІК ТУРАЛЫ ОЙ
ТҮС – ТҮЛКІНІҢ БОҒЫ
АҚ ОТАУ
ҚАРАҢҒЫ ТҮНЕК ОЙ ЖАМЫЛ
ҚАПА БОЛМА ДҮНИЕГЕ ДОСТЫМ
ҚАНДАЙ ҰЛЫ ҮММЕТ БҰЛ!
ҚИЯЛ МЕНЕН АРМАНЫМ
ҚИЯЛ
АННОТАЦИЯ
Көп ізденіс пен тоқудың нәтижесін қазық қаққандай көкірегімнен маржан тастарын бірінен соң бірін тізіп, ойымды жеткізсем деген ниетпен, әрі бұл салада өзімді сынап көрейін деп анамның сүтімен келген ақ тілімде, ана тілімде жазуды ұйғардым. Алайда, меніңше ана тіліммен жазылған бұл өлең шумақтары орыс тілінде жазылғаннан анағұрлым сапасы төмендеу ме деп те бір толғанамын. Кім біледі уақыт өте өз тілімнен шыққан туындылар көңілімнен анағұрлым жақсы орын алар, әрі басқалардың да көкірегінен орын тебер. Не жазсада адам ойындағын жеткізбек.
СЕЗІМ БІЛДІРУ
Өтінемін сіз мені түсініңіз,
Әр нәрсені ақылмен ұғыныңыз,
Айтатұғын сырым бар сізге дағы,
Оны бірақ айыпқа санамаңыз.
* * *
Жүректе бар ғашықтың жарасы ма?
Жазылар ма айтқанмен дауасы ә
Ұйқы қашар, өң кетер, сабыр нетер
Онымен тыным жоқ, мазаң кетер.
* * *
Сіз түсінді дегенмен, жауап қандай?
Жауап деген тосында, досың ба еді,
Ә дегеннен сүю мен күю бар ма?
Шіркін-ай, бұны ұғыну, сізде бар ма?
* * *
Әйткенмен айту деген парызым ғой,
Жеткізбесем, өртейтін өң бойымды.
Сірә, бірақ сіз маған көңіл тантып,
Ұнатты деу ертерек бәлкім бірақ.
* * *
Бәлкім мен қателестім, сезімсіреп,
Арман менен қиялға берілсіреп.
Үміт пенен сенімге білексінеп,
Жүрек пенен жігерге иексінеп.
* * *
Сонда ақылым қалды ма жетімсіреп,
Жапан түзде адасқан елік құсап,
Анасынан тумаған өгей құсап,
Ей, адамзат! Жүректі сен ақылға бағындыр-ақ.
* * *
Дегенмен айтарымды айттым енді,
Сондағы естігенім жоқ болғаны.
Арман, қиял бәрі де от болғаны,
Тұла бойды қыздырған шоқ болғаны,
Бәрі, бәрі тек қана бос болғаны.
* * *
Сондықтан айтарым бар бұл жастарға,
Өтірік, жалған елеске бір дес берме,
Бір көргеннен сүю жоқ жалған түбі,
Ей, адамзат! Жүректі сен ақылға бағындыр-ақ.
ПӘКІСТАН ЖАЙЛЫ. АЗАТТЫҚ ТАҢЫ
Пәкістанның халқы бір үндіменен,
Түбі тектес, дегенмен діні бөлек.
Екі ағайын бір жерде тұрғанменен,
Сыйыспайды бір-бірін кәпір сынап.
* * *
Ұлылары болмаса екі елдің,
Ынтымағын, бірлігін ойлайтұғын.
Алауыздық шарпыған отынынан,
Кім құтқарар, Британ бе еді ел құтқарар.
* * *
Екі елді жау көріп айтақтаған,
Ынтымағын, бірлігін шайқақтаған.
Бөл де, биле ұранын айғақтаған,
Сондағы Британ бе еді ел құтқарар.
* * *
Сол заматта болмаса халқын ойлар,
Ел басына күн туса, елін қорғар.
Сондай тұлға тектестің бірі Ганди, бірі Джинна,
Бірі үнді, бірі араб.
Соларға мен бас ием құрметпенен.
* * *
Шыбын жанын сарп еткен азатыққа,
Джинна да аянбады күш-жігерін,
Сатьяграх деп күрескен өмір бойы,
Ганди да өлім құшты, бейбіт үшін.
* * *
Халқының жанашыры бола білген,
Шығыстың данагөйі туа біткен.
Сол Икбәл дауысымен рух бермесе,
Тәуелсіздік таңы да қашан атар.
* * *
Ұлықтаған ұлығын Пәкстан да,
Алды ғой егемендік, тартысқанда.
Үнді де одан шалыс бір қалмады,
Терезесі тең болды көршілес ел.
АҚЫЛЫНА АҚЫЛ ҚОС, БІЛІМ ҚҰШ АП
Ақылына ақыл қос, білім құш ап,
Уақытынды өткізбе бос, ойын-құмар.
Өткен уақыт артынша қайтып келмес,
Қайтып келмес жастықта өкінгенмен.
ЖИЫРМА ЖЕТІ ЖАСЫМ
Жиырма жеті жасыма келіп қалдым,
Оқығаным - тоқыған, теріп алдым.
Білмегенім білердей толықтырдым,
Жетпегенін жетердей жетілдірдім.
* * *
Енді міне сол уақыт жетті ме екен,
Қалам алып, ой тартып, сөз жүгіртіп.
Іштегіні ақтарып мұң сырымды,
Жеткізетін қауымға үн жырымды.
МАҚСАТҚА ЖЕТУ
Асу асу белестен,
Өтемін деп егескен.
Ақыл, қайрат, жігерін,
Салуменен, тер төккен.
* * *
Жету қиын мақсатқа,
Арман, қиял, іс басқа.
Тіршілігін ол басқа,
Сөйлегенін түк босқа,
Жарамайды оның да,
Қаламаймын мұны да,
Сенің ақылың асса да,
Өз ақылым өзіме.
ДҮНИЕ
Кешегінің елесі,
Бүгінгінің жаршысы,
Келешектің белесі,
Ол не деген дүние?
МАРГИНАЛ
Еңбек етер жайым жоқ,
Тұратұғын үйім жоқ.
Қала кездім, ел кездім,
Тұрақтайтын орным жоқ.
Мен бір маргинал адаммын.
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
Дүние деген тұрмайды,
Қусаңдағы артынан.
Жете алмайсың түбіне,
Ұзақ ғұмыр сүрсең де.
АҚИҚАТТЫҢ ШЫҢ ӨЗІ
Мен бір Алланың құлымын,
Көп пенденің бірімін.
Айтатұғын ойым бар,
Сөйлейтұғын тілім бар.
Жазатұғын сөзім бар,
Сенетұғын дінім бар,
Ақиқаттың шың өзі,
Ол Ислам - асқақ дін.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Алла берді ризығын,
Біреуге мол, біреуге кем.
Ұмытпасын, ей мұсылман бауырым,
Дәулеттісі кемтарға беріп тұрғын.
ДҮНИЕ САҒАН ДОС, САҒАН ДҰШПАН
Дүние саған дос, саған дұшпан,
Қаласаң бірін таңда, бірін қалдыр,
Нәпсіңді тия білсең, ей мұсылман,
Сол болар дүниенің дос болғаны,
Нәпсіңді тыймай егер қала берсең,
Түбі бір досың болған жауың болар.
ӨМІР ДЕГЕН....
Өмір деген біреуге жыр сарындай,
Жырлайды оны келіп, құшағындай.
Өмір деген біреуге қыл сабындай,
Жылайды кеп өтті деп өмір құрғыр.
АЛАУЫЗДЫҚ АЛТЫ АУЫЗ
Алауыздық алты ауыз,
Төртеу келсе құтқармас.
Бірікпесе етек, жең,
Тоқ болса да ел болмас.
АҒАЙЫН
Ағайының жат болмас.
Жақын болса тұра алмас,
Алыс болса келе алмас,
Жалғыз қалсаң жоламас,
Бары болса бере алмас,
Жоғы болса көреалмас.
Маңдайына жазылған,
Оны қайтып жаз дерсін,
Берген болар, құдайым,
Ол да саған бір сынақ,
Міне, осы ағайын!
* * *
Ағайының бар болсын,
Тату-тәтті ел болсын.
Қуанышыңа ортақтас,
Бөлісетін дәм, тұз, ас.
Ағайының көп болсын.
* * *
Ағайының бір болсын,
Алауыздық жоқ болсын.
Уайым-қайғы келмесін,
Ынтымақ, бірлік кетпесін.
* * *
Ағайының бауырың,
Бір әкеден туғандай.
Ағайының жақының,
Бір көршілес тұрғандай.
* * *
Түбі дүние жалғанда,
Ұзақ тұрмас еш жан да.
Қайтып келмес адам да,
Бұл дүние жалғанда.
* * *
Өміріңнің ақтығы таусыларда,
Жан беріспес адамда алысар да.
Сұм ажал алқымыңа келген кезде,
Осы болар өмірдің ақтығы да.
* * *
Сол мезетте ағайын жақын болар,
Жылап, сықтап, еске алып,
Сені аттандырар сапарға
Сол ағайын дәл өзі,
Сол себепті ағайын!
Бар болыңдар, бай болыңдар!
ОЙЛАМАҢЫЗ, АҚЫНДЫҚ ҚАЙДАН КЕЛДІ
Ойламаңыз, ақындық қайдан келді,
Келе бермес ақындық өздігінен.
Шабыт болса, ақындық болады екен,
Ол болмаса, ақындық қалады екен.
* * *
Бұ заманда ақындық кімге керек?
Керек емес ешкімге құны бөлек,
Өтті ақын заманы артта қалды,
Керек болса ән менен жырға керек.
* * *
Бұ заманда тыңдайтын қауымы жоқ,
Ұғынатын, білетін ұрпағы жоқ,
Бұ, бейшара, ескінің елесі ме?
Тыңдамаған сөз жетім жетесі ме?
ИНТЕРВЬЮ
Өтінемін сіз мені түсініңіз,
Әр нәрсені ақылмен ұғыныңыз.
Егер де сіз телефон шалмасаңыз,
Келермедім мен мұнда шақырусыз.
* * *
Сұрасаңыз атымды Марат болады,
Мамандығым инженер тағы болады.
Іздеп келген лауазым осы ме екен,
Оператор КСЕЛЛ лайық болған.
МҰСЫЛМАН КЕЙПІ
Кей мұсылман кейпі бұл бүгін міне,
Бүгінгі мен ертеңгісі бұлыңғыр ең.
Басына қиын қыстау заман түссе,
Бағалысын арзанға сатқан міне.
* * *
Дін өзгерту оңай-ақ осыларға,
Бір сопы інжіл ұстап, өлең айтса.
Сөзіменен ісіне қосылар да,
Бар ме екен ар-ұят осыларда.
ҚАНАҒАТ
Мол табысың құт болмас,
Оңдысолды шашсаңыз.
Үнемдесең табысты,
Азды болса құт болар.
ТІЛЕК
Кеш те болса, құттыболсын,
Жанұяңберік, мықты болсын.
Жауалмайтын, ұры шалмайтын,
Құрған отау мәңгі болсын.
* * *
Керегесі кең, шаңырағы биік,
Балаларың көп,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Бакыт пенен нұр болсын.
* * *
Байлық, саулык бола бергін,
Ұзақ ғұмыр жасай бергін,
Екеулерін қартайып,
Куаныш, шаттык аса бергін.
АНА ТУРАЛЫ ОЙ
Ана деген ұлылардың ұлысы,
Қай ұлығың ана тұрмай, қақты дүние есігін,
Болмады ма әуел жарлық Алланың.
Содан барып, ана жүгі ауырлады, толғады.
* * *
Тоғыз айын тоғырсықтап өтті әне,
Кім біледі, ауырлығын, қиындығын жүктінің,
Күйеу болса екі езуі ерінде
Өзі бірақ жүкті болып көріп пе екен әмәнда?
* * *
Әне сәби қақты дүние есігін,
Мен де келдім, адамзаттың толыққанды мүшесі.
Мені, баптар, қағар ма екен еш қырсыз
Тістіге де, алыптыға қақтырмай.
* * *
Кім шыдайды бұ дүниеде бәріне,
Ыстығы мен суығына, зәріне
Бір сөзбенен Ана деймін бәріне
Жасың менен шашы ағарған кәріне
* * *
Қандай сынақ түсседегі басына,
Бұл сынақтан Ана деген сүрінбейді, жасыма.
Бала десе бауыр еті езіледі қашан да,
Сол себепті ана жаны біреу емес, көп сірә .
* * *
Ау жарандар! Ана деген ұлы тұлға, біліп қой,
Ұлылардың ұлысы да тағзым еткен ұғып қой.
Аналарды бұл өмірде құрметтейік, сыйлайык,
Керек десең өмірді де аяусыз-ақ қияқ,
* * *
Ана болса, шыбын жанын пида етті,
Аман болсын, адам болсын, балапаным, құлыным.
Шулатпасын, кір келтірмей атыма,
Қайда болса, жарқылдасын аспандағы жұлдыздай.
* * *
Жәннат кілтін іздесеңіз, іздеңіз,
Таба алмайсыз қанша іздесең маңайдан,
Сол себепті сыйласаңыз ананы,
Жәннат болар сонда барып аяғыңнын астында.
* * *
Ана болды алғаш сөздің тіркесі,
Сөз бен сөздің ұйытқыған үндесі.
Бала тілі бал тілімен жеткізді,
Айта, айта оны бірақұққызды.
* * *
Ана болды жақыны да баланың,
Бірін-бірі түсінеді, тілмашсыз
Ана болды ең алғашқы сезгені
Жүрегінің дірілі мен соққысы
ҒИБАДАТТЫ ТӘРК ЕТПЕ
Әй, бауырым, ғибадатты тәрк етпе жаның барда,
Иман кетер, абай бол, жаңылғанда,
Иман кетсе, артынан ұят кетер,
Сақтық таныт, абай бол, жадта сақта.
ӨМІР ДЕГЕН МӘҢГІ ЕМЕС
Жазылғанға көңіл бөл,
Ойлан да ұқ.
Өмір деген мәңгі емес,
Санаңда тоқ.
ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛІМ БАР, КЕҢ БАЙТАҚТЫ
Қазыналы елім бар, кең байтақты,
Желбіреген туым бар өң байрақты.
Қыздарым мен ұлым бар, ер қайратты,
Ел басына күн туса, ең айбатты.
ӘКІМДЕР ЖАЙЫНДА
Зәкім болды,
Артынан әкім болды.
Жегені алдында,
Жемегені артында.
* * *
Ойлайтыны пайда,
Жинайтыны дүние.
Алатыны қатын,
Беретіні пара,
Жабатыны жала,
Қардан аппақ,
Судан таза,
Салатыны зәулім арай,
Баратыны түнгі сарай.
Әкім болсаң, өзіңе жақын болғай,
Қара басың, бәрінен алтын болғай.
Көпшілік алыс болғай,
Маңайын жақын болғай.
Бөліскен бөле болғай,
Алысқан, аңдасқан жауын болғай.
Бәрінен астыңдағы жылы орның жақын болғай,
Сол саған бақ та, тақ та, дәулет те, зейнет те,
Әттең-ай халқыңды ойлау, қашан да абзал іс қой,
Оны бірақ әкімдер ойлап па екен?
ӘЙЕЛ ЗАТЫ ӘРҚАШАНДА ДОС САҒАН
Әйел заты әрқашанда дос саган,
Неке қиған, некелескен сәттен-ақ.
Қанша кінә, қанша ағат болсын-ақ,
Сүйген жарың, ғашығыңды қия алмайсын сен бірақ.
* * *
Егер де сен елің түгіл, әлемді де билесең,
Біле білгің, сол әлемді билейтінді билейтұғын әйелің.
Сыйла оны, ақ сүт берген, анасы ғой балаңның,
Мәпелетіп, аймалатып салып оны алақанға ақырын.
ДОС ПЕН ҚАС
Екі мұсылман кездессе дос (бірін-бірі)тұтатын,
Таухид, ахлақ болмаса қас (бірін-бірі)тұтатын.
Дос дейміз бүгін доссың, ертең қассың,
Бір жерге бас қосылса, мүйізің қарсын.
* * *
Бауыр дейміз бауырын бауыр жейді,
Бірін-бірі айыптап, тәуір (өзін) дейді.
Бірлік пенен ынтымақ шам жақпаса,
Не керек дос дегенің жік-жік тартса.
* * *
Жоқ саған қас дұшпаның, бас дұшпаның,
Бас дұшпаның жоқ өзің, қас дұшпаның.
Аңдап жүрген сырттағы қас дұшпаның,
Білгің оны, біл оны, сол дұшпаның.
ҚАЙҚЫ ҚЫЛЫШ
О бойымды кернейді ашу-ызаң,
Таппайды шығарға жан алаң-бұлаң.
Нетті екен жау іздеген пәленділер,
Тіміскілеп іздейді пәленді жер.
* * *
О, құдайым дұшпан болды дұшпанды емес,
Дұшпан деген дұшпаны ол бір елес.
Он жерден айып тақсан, таға бергін,
Мен мұсылман дегенді ала бергін.
* * *
Түбі бір түпсіздердің түбі кетер,
Бүгін болмас, ертең-ақ түгі кетер.
Кінәменен күнәні жуып шаймас,
Ақыретте баратын жолын кермеп.
* * *
Саспаңдар! Бақыт келер, бақ келер заматтан соң,
Уақыт келер, сыбағасын беретін таң атқан соң.
Бүгін атқан таңдарын, ерте ме кеш,
Жұлдызбенен түседі-ақ, кеш батқан соң.
* * *
Ислам келді дауылмен теңіздетіп,
Жарқ-жұрқ найзағай ел іздетіп.
Әзірше жайғасамыз жағалауға,
Сәті түскен заматта төр іздетіп.
* * *
Қолдай гөр, қолдаушы едің, о Жаратқан!
Сенен басқа жоқ Құдай, сен жаратқан.
Қайтып бармақ жеріміз сен тарапта,
Адастыра көрмегін бұ тарапта.
* * *
Не болды, нендей зұлмат белең етті,
Батыс пенен Шығысың елең етті.
Жаһандану қаһары тұтқиылдап,
Қысып барад өңештен, ыршып барад.
* * *
Ұят кетті, ар менен ақыл кетті,
Еркекшора, қызтеке жайып (әлемді) кетті
Ей бұзақы қауымдар есіңді жи!
Қайқы қылыш мойныңды қиып өтер.
БИЛІК ТУРАЛЫ ОЙ
Қарсы келсең билікке харид дейді,
Алыс жүрсең өзіңді әр ит жейді.
Баскесер мен зұлымпай ұрықтайды,
Жақын келсең өзіңді құрықтайды.
Шың басында өлексе шынықпайды.
* * *
Енді айтарым билікке кім ұмтылар,
Ұмтылғаны өмірді бір ұмытар.
Атқан оқтай мылтықтан бір сытылар,
Басы түскен кілемге доп секілді-ай,
Әп-сәтте бар ғұмырын бір ығытар.
* * *
Ау дүние, қусың сен, жалған дүние,
Адамды азғырасың алуан дүние.
Билікке осыншама ұмтылдырар,
Сенде бір сиқыр текті таяқша бар.
Онымен бір алдайсың, бір арбайсың.
* * *
Бір сәтте таразыға салдың әне,
Пайдаң тигір тиді ме, көрсет қане.
Ұмтыласың билікке, төбең көкке,
Не істедің, нендей көмек тиді кәне,
Тұрмыс халі халықтың жөнді ме әне.
* * *
Ұмтыласың бәсеке – әсекеге,
Билік атты бәйгеге - бәсекеге.
Билікке анау емес мен келейін,
Мен келейін, басқасын елемейін,
Өзге құсса, мен оны дерт демейін.
* * *
Биліктен, билік өтті асып өтер,
Патшадан патша туды асып жетер.
Қараның шалған кезде қар басынан,
Патшаны патша алды тақ астынан.
Ағызып қан-жусанға көлді-көсір.
* * *
Талайлар ұмтылды ғой билік жаққа,
Күші келмес, келері оны білмес.
Бостан босқа көл-көсір қан төгілді,
Қан төгілді ақ білер, қара білмес.
Жел тұрмаса, шөптің де басы тимес.
* * *
Басын тасқа, не басқа ұрғанменен,
Пайда болмас өкінген, тұрғанменен.
Өтті кетті, ол енді қайтып келмес,
Ұмтылмағын билікке, ұмтылмағын.
Пешенеге жазылған бір туғаның.
* * *
Оу жараңдар! Бұл дүние ойын – мазақ,
Ұмтыламын билікке мен лайықпын,
Болмаңыз өтінемін сайқы – мазақ.
Өкінесіз саусақты бір тістеп-ақ,
Болмашы сағым қуған өмір аз-ақ,
Болады кейінгі өмір, өмір - азап.
Тататын ащысын да, улысында,
Боласың Әзәзілмен өзің азап.
* * *
Бір ұдайы келсеңіз бір Құдайға,
Тәубасын таттыратын бір Құдайға,
Ақыл салып, даналық арттырсаңыз,
Сонда болар Құдайым қолдар болар,
Жүрген жолың ақ болып, пәк болсаңыз,
Халық пенен қараға тең болсаңыз,
Бір құдайға ешқандай серік қоспай,
Әділ басшы, ел басшы сіз болсаңыз.
Сонда болар елімнің берекесі,
Шаңырағы, уығы, керегесі,
Маңдайшасы, ерісі, босағасы,
Желбірейтін туы мен елтаңбасы.
Көпті қолдар халқы мен әскербасы.
* * *
Мұны жеңбес дұшпанын аһ деп келсе,
Жау жағадан алмайды жат деп келсе.
Іші бүтін, сырты да түтін емес,
Оны алмас ешкімде, басып алмас,
Төртеу түгел болғанға, төртеу келер,
Ынтымағы, бірлігі өрлеу келер,
Мысын басар, әркімнің ысын басар,
Тісін қайрап, әріден ісін сайлап,
Келседағы қамалға атын байлап,
Қашар жауын, қашады ауған жаққа,
Бірлік сайлап, ынтымақ атын байлап,
Жау шабарға аттанар білек сыбайлап,
Қашқан жауың, есіңде жимақ емес,
Тәнтіректеп қашады, елең етпей.
* * *
Бұның бәрі бірлік пен тірлік ісі,
Бір құдайға табыну пенде ісі.
Осы менен басқаны ұщтастырса,
Болар жолы қауымның дұрыстысы.
Жарылқауы, көмегі Тәңір ісі,
Болсындағы ісіміз, жағымдысы,
Ең тәуірі, Тәңірдің лайықты ісі.
ТҮС – ТҮЛКІНІҢ БОҒЫ
Ақыреттің азабын таттырмағын,
О, Құдайым теріс жол таптырмағын.
Мына түс түлкінің боғы десем,
Боғы емей, үрей туғыш, болдырмағын.
* * *
Сен қашырған бәлекет айтып келмес,
О, дүниеге аттанған қайтып келмес.
Сен өзің бір Қорғаушы, бір Елеуші,
Жалбарынып сұраймын, қашыр оны.
АҚ ОТАУ
Бүгін міне тіккелі тұр ақ отауын екі жас,
Екі жастың ақ отауын көру үшін асығады кәрі-жас.
Неткен ғажап, неткен көркем бұл ерекше той-думан!
Болса дейтін біздің жақта, біздің шақта дәл осындай ой-думан!
ҚАРАҢҒЫ ТҮНЕК ОЙ ЖАМЫЛ
Қараңғы түнек ой жамыл,
Жауың түгіл достан тыс.
Жоспарыңды ашпағың,
Күні туар қас-қағым,
Суырып-ақ қынаптан,
Алмас қылыш тастағың.
* * *
Соғыс болмас түтінсіз,
Отын шықпас шірпісіз.
Туды күні тумастың,
Ойран болды күн асты,
Шырқы елдің бұзылды,
Қатын-бала қуылды,
Жерін безіп ел кетті
Сұрқия заман дүр етті
Қара түнек жамылып,
Ерлер жанын пида етті
О жараңдар, мұсылман!
Алмас қылыш қайда етті?
* * *
О бауырлар, мұсылман!
Күні туды қысылман.
Жан-жағыңда бір дүшпан,
Саған кезеп тұр тыстан,
Айдап салып қырқысқа,
Бір мұсылман (шейттер), бір басқа (кәпірлер).
* * *
Отты көсеу көседі,
Таяу Шығыс не етеді?
Бейбіт халқы беттеді,
Еуропаны шеттеді.
* * *
О, мұсылман бауырлар!
Шаттанбаңыз табылар.
Жетіп асар санымыз,
Сеніп қалмай әріміз,
Ұмтылмайық бәріміз.
Ұран тастап бір босқа,
Жасы мен кәріміз.
* * *
Жеңіс оңай келмейді,
О, мұсылман бауырлар!
Бүгін жетсең шыңына,
Ертең бірақ құлайсың.
* * *
Қанша сенсең күшіне,
Айла-амал ісіңе.
Түк болмайды оныңыз,
Бір басыңыз он болса.
* * *
О бауырлар, мұсылман!
Бірлік керек табылар.
Ер басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер
Ел басына күн туса,
Шоқпытын да ту етер.
Соғыс оты жалмаса,
Сіз бен бізді не етер?
Бірлік, ынтымақ ер етер?
Тоз-тоз болған ез етер
Міне сондықтан бауырлар,
Бірігейік жамыла,
Жоспар құрып қамыға,
Ойсырата жабыла,
Дес бермейік жауыңа,
Жеңіс біздер жағында,
Ұлы мұсылман алдында.
Жасасын мұсылман үмметі!!!
ҚАПА БОЛМА ДҮНИЕГЕ ДОСТЫМ
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кешегіні миыңа құйып алып,
Уайым, қайғы, сарсаңға батпа, бос мұң.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Өсек-аян жеткізбес, қусаң қоян,
Шаһар тұрмас, шертсең де жыр мен баян.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Анау асты, мен қалдым, неткен әділ,
Күншілдетіп өткізбе бостан бәрін.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Берген болсаң біреуге тиын-тебен,
Айыптама, айтпа да, төске ұрып.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кеткен нәрсе кетті ғой, сағым қума,
Қайтып келмес, келсе де асыл етпес.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Қанша адам арман мен қиял кезді,
Қолдағының қадырын білмей безді.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Білермісің уақыттың бағасын а?
Сана берсе, өзің-ақ санарсыңда.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Кеше ғана сайраңдап жүрген едің,
Бүгінде ақ тал кірді самайыңа.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Қайтып келмес дәуренің бастан өткен,
Өкінбегін өкінбе нелер өтті, тар жолдан қара менен хандар да өтті.
* * *
Қапа болма дүниеге достым,
Өткізіп-ап бір сағат бос күн.
Ештеңеде тең келмейд, бір ғанибет,
Әмір еткен бір Тәңір сәждесіне.
* * *
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Ата-анаңа қарайлас, не жаман бар.
Туысқанмен қатынас, үзір етпе,
Көршіменен тату тұр, түзу ниетте.
* * *
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Уақыт қымбат, алтыннан асып тыңбақ.
Ашу-қияң – бос сөкпе, намыс төкпе,
Ырду-дырду, бет жыртып, өмір өтпе.
* * *
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Уақыт өткіз, пайдасын асып жеткіз.
Ілім ізде, тапжылмай, ін үңгіле.
Сара жолмен жүретін күнің ертең.
* * *
О бауырлар, о достар, о жараңдар!
Бақыт деген өмірден орын тебу,
Татулық пен бейбіттің нәрін себу.
Өзіңе, өзгеге де өмір сыйлап, тап-тамаша өмірден жеміс жинау.
ҚАНДАЙ ҰЛЫ ҮММЕТ БҰЛ!
Әй қауым, халайық!
Тәңір берген нәрсені алайық.
Ақыл, жігер, күш-қуат,
Тайынбастан салайық.
* * *
Жау алқымнан алғанша,
Жұлдыз атып, таң атқанша,
Нені тосып тұрамыз,
Аттан қауым, аттан! Бос жатпағың бостан.
* * *
Айың туса солынан,
Күнің туса оңынан.
Бүгін түскен сәтіңді,
Жіберіп-ап қайтпақсың.
* * *
Жоқ әмәнда бауырым!
Бұлай ісің аспағың,
Жай әншейін аспанға,
Түкіріңді шашпағың.
* * *
Білекті алып сыбанып,
Тұла бойды күш алып,
Естеріңді жиып ап,
Бірлік, ынтымақ бірге алып, жауға аттан бауырым!
* * *
Кеше өтті дәуірің,
Салтанат пен сауығың.
Одан сәрі кез кетті,
Бастан бақ та, тақ кетті.
* * *
О, мұсылман қауымым!
Бекем белді байлайық.
Күш-қайратты сайлайық,
Ақыл, айла қосып-ап, жауды босқа жібермей, ту сыртынан соғайық.
* * *
Сәтті босқа жібермей,
Өзарада келісіп, араздықты буайық.
Мұсылман бауыр, дос жаран,
Не қыламыз қастанып, бір-бірінен жастанып.
* * *
О мұсылман ағайын!
Біз үмметіміз, бір қайын.
Тамырлары қараған, жер жүзіне тараған,
Неміз артық біріміз, бір ағаның баласы. О, мұсылман ағайын!
* * *
Жауың бүгін әлсіз-ақ,
Не жатырмыз қамсырап,
Сәті түсті заматтың,
Жауды жағадан алатын.
* * *
О, мұсылман бауырлар,
Шар тарапқа жайылар.
Үстемдігің, билігің,
Қайтып келер дәуірің.
* * *
Төрткүл әлем мойындар,
Сәлеммен жолығар, бой ұсынып момындар.
Бір Алланы мадақтап, пайғамбарға бой ұсынар,
О мұсылман бауырлар! Қандай ұлы үммет бұл, бар әлемге жол сілтер!
ҚИЯЛ МЕНЕН АРМАНЫМ
Жұмыр басты пенде,
Ойлайтыны кем бе?
Жетсем игі алысқа,
Қиялменен ғарышқа.
* * *
Әттең қолым қысқарақ,
Берер едім қыспай-ақ.
Жетер болса асатын,
Егер шықсам қыстан-ақ.
* * *
Әттең жаным пида-ай,
Берер едім қимай-ай.
Билік, шоқпар болса екен,
Бөліп берем, жимай-ай.
* * *
Қолдың кірі демей ме,
Шенеуніктер жемей ме,
Ақша деген су жылан,
Тойар емес сұр жылан.
* * *
Заман туар күндері,
Кедей-кепшік кімдері.
Азық-түлік, баспана,
Болар күні асхана.
* * *
Тойар кедей-кепшікте,
Туар айы оңынан,
Кеше ғана құл болған,
Бүгін билік жолыңнан.
* * *
Бай дәулетін қашырды,
Шетелдетіп асырды,
Білер ме екен оларың,
Қазына, байлық халықтың.
* * *
Төрелік асып жетеді
Әділдік ашып береді
Турасы елің көреді
Қитұрқы байың еледі
* * *
Қашқанмен, қайтып келеді.
Жазасын алмай не етеді.
Өзгеде сұлтан болмайды,
Қашқанмен тірі қалмайды.
* * *
Білсін-ау, білсін байекең.
Қашқанмен қайда жай екен.
Сатқынның киген терісін,
Аңшыда сылып алады.
* * *
Қол сұғып, сұқпас нәрсеге,
Байекең қайтып мақтанар.
Жинаған-терген өзгенің,
Сот алды қайтып ақталар.
* * *
Шешуші сұрақ келгенде,
Қиналар жаны, қиналар.
Әттең-ай соны білгенде,
Естімес еді үкімді, үкімді өлім жазасын.
ҚИЯЛ
Көріп тұрмын, о шіркін, соңғы белес,
Қадам жасап жақындап келдім елес.
Ұстағаным сол екен жоқ болды да,
Бар болғаны түсім ғой өңім емес.
* * *
Айтады ауру болад сағым қуған,
Шөлайтта суды іздеп, сағындырған.
Ай туса оң жағынан, күн солымнан,
Кетпейді өшпек түгіл ол жадымнан.
* * *
Сеземін бар екенін мұнда бір гәп,
Айтқанмен сенбейді ғой ешбір жан қап.
Көресіз күні туад бұл ғаламның,
Жұлдызым қара аспанда шамшырақ боп.
* * *
Бұл әлем қабыл етер ой ұшымды,
Салса егер арпалысқа жан күшімді.
Жетпейді, жетпек түгіл бір татымға,
Ой ұшың алыс жатса жыл ғасырға.
* * *
Қиял, арман қиысса іспен тату,
Жетесіз дүниенің шет-шегіне.
Олай болмай қап жатса, қап өкініш,
Тар бөлме жетер жерің шет-шетіне.