Главная
/
Блоги
/
ПОЭЗИЯ
/
Өлеңдер

Өлеңдер

01.04.2026 19

Білім

Білім деген өмірдің бұл шырағы

Білім деген жақсылықтың тұрағы

Білімділік тектіліктің белгісі

Жақсы ниет болса егер бұлағы

 

Уақыт

Уақыт деген берілген бұл мүмкіндік

Өтіп жатыр қайран уақыт, білінбестен үнсіздік

Білім алып, жақсылықтар жасар ем

Қалса менің, өмірім де үш күндік

 

Тик-ток 

Тикток деген зияны көп қосымша

Алданамыз, ниетін біреу жасырса

Нағыз ұры сондай жауыз қосымша

Ұрылардың ұрысы, ұрлайды күнде отырса

Жеңілгенің - егерде айласын тикток асырса

 

Құран

Адамзатқа жіберілген ең ұлы бұл мұғжиза

Бақытты болар еді әр адам, осы кітапқа ой жиса

Жақсы дегеніне жарысып, жаманынан бой тиса 

Бұл кітапқа амал етіп, жабысуға міндетпіз 

Сахабалар ол үшін азап көріп, жан қиса

 

Ютуб

Пайдалы да пайдасыз да видеолардың отаны

Күнде оны миллиард адам телефоннан қосады

Қайран уақыт кетіп жатқан ауаға

Бәрі бізді ойлау менен жақсылықтан тосады

 

Ниет 

Әлемдегі жақсылық пен зұлымдықтың бастауы

Сол арқылы белгілі ғой кімге кімнің қас жауы

Қияметте нәтижені соған қарай алады

Ниеті дұрыс, әрқашанда, жақсылықта болады

Оставить комментарий: