Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов

Блоги

12.12.2017
5401

Өмір

Өмір кейде у беріп жылатады,

Өмір кейде...

Бал беріп жұбатады.

Өмір кейде...

Жасытып, құлатады.

Бірақ, біздер бұл өмірге ғашықпыз!

Әр түнімен, әр таңына асықпыз!

Әрқайсымыз, күнәһармыз, пасықпыз!

Кейде, ерміз, ал кейбірде жасықпыз!

Бір пенде жоқ, дүниеде жазықсыз,

Қарнымыз тоқ, ал жанымыз азықсыз.

Неге осынша, О, адамдар азыппыз!

Қабақ шытып, айналаға шышып сыз!

Жаман әдет қылықтарға іңкәр боп,

Өзімізге қабірді ерте қазыппыз!

Алауламай, бықсып,шала жаныппыз!

Қазағымның салт-санасын ысырып,

Еуропаның дәстүріне қаныппыз!

Ей, қазақтар! Ұсақталып сыныппыз!

Ұлдарың ез, қыздарың көп қылықсыз!

Ұландары қазақтың біліп жүргін!

Біздің ұлт, қаны таза – былықсыз!


Поделиться:      
Оставить комментарий: