Орындалшы арманым
Орындалшы арманым
Арманым шексіз, арманым,
Жетелеші, болашаққа мені аңсарым.
Қадамдарым болса екен қайырлы,
Болашақта жылы жүзбен,еске алатын.
Күлімсіреп түсірдім сені ақ параққа,
Орындалса екен деп шын мақсатқа.
Шүкір еттім О тәңірім өзіңе,
Армандауға, сана берген сол бір күшіңе.
Таудан асып,шайып өтер мақсатым,
Күшім сендей болса екен,асуым.
Теңедім мен өзіңді,тұңғыйық бір мұхитқа,
Өмірім үлкен қуанышқа толшы деп.
Біте жатыр міне менің он бір жылдық тарихым,
Сан қилы ойларыммен қауыша,
“Міне бақыт,жоқ мүмкін мұнда бар бақыт” деп
Бір өзіңді іздедім,
Соңында сені бақыт қылып теңедім.
Саған деген қадамдарым қадірлі,
Болса екен, жаратқан бір тәңірім.
Тілек тілеп,дұғамдасың әрқашан,
Орындалшы жарқын болашақ арманым.
