Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов

Блоги

16.08.2017
5393

ОСЫ ЖАЗ

ОСЫ ЖАЗ

Жаз дағы,
Дағдылы ыстықтан жазбады.
Жастықта жүректі өртеген,
Бар жалын миға еніп маздады.

Күн дағы,
Күйдірді әдетпен жылдағы.
Шіліңгір ыстыққа шыдамай,
Есінен айырылды-ау жын дағы...

Қапырық,
Жұтсаң дем қаласың аһ ұрып.
Түтін, газ улаған қаланың,
Түніне зар болдық қашып ық.

Қайдағы,
Тосқауыл бола алмай Ай дағы
Ақшаңқай Күннің от нұрына,
Еруге шақ қалып жайрады.

Кенезе
Кептіріп, тіл болса кенере,
Қан қойып, кейбір қарт аттанды
Мініп ап оралмас кемеге.

О, жалған,
Біздің де құдағи солардан
Қалыспай сапарлас болды да,
Жоқ әлі үйіне оралған...

Шілде еді,
Әкеміз қайтқанда ілгері,
Құдай-ау, 19 жыл бопты,
Ол кісі мәңгі көз ілгелі!

Жаз дағы, 
Қайдағы өткенді қозғады...

 

Қайрат Дүйсен-Парман.

19:48. 12.08.2017 жыл.


Поделиться:      
Оставить комментарий: